Білім • 14 Наурыз, 2025

Керек дерек

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін стартаптардың жедел дамуына арналған «AI-Sana» бағдарламасын әзірлеу басталғанын жариялады.

Керек дерек

Сурет: ekaraganda.kz

Бағдарлама жасанды интеллектіге қатысты инно­вациялық жобаларды қолдауға арналған. Стартаптар үшін зияткерлік капиталдың негізгі көзі елдің жетекші жоғары оқу орындары болмақ.

«Биыл 650 мың студент жасанды интеллект бойынша арнайы курстардан өтеді, ал екінші кезеңде 100 мың студент Стэнфорд Жоғары білім мектебінің бас техникалық директоры Пол Киммен бірлесіп әзірленген курстарды оқиды. Жыл соңына дейін жасанды интеллект саласында 1-1,5 мың стартап-команда құруды жоспарлап отырмыз», деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, «AI-Sana» – студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын дамытуға арналған бірегей бағдарлама. Аталған жоба ұлттық экономиканың әлеуетін арттыруға, технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағыт­тал­ған.