Қоғам • 12 Наурыз, 2025

Спорт жөніндегі заңнама жетілдіріледі

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денешынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралды.

Спорт жөніндегі заңнама жетілдіріледі

Сурет: syrboyi.kz/ А.Байжұманов

Отырыс барысында заңның негізгі мазмұны талқыланды. Онда ұлттық құрамалардың жетістіктері негізінде спорттың басым түрлерін анықтау, спорт федерацияларының мәрте­бе­сін өзгерту, жоғары жетістікке жет­кен спортты қаржыландыру, сон­дай-ақ спорт ұйымдарының қызме­тін реттеуді күшейтуге мән берілді. Федерацияларды тіркеу, мемлекеттік денешынықтыру-спорт ұйымдары­ның басшыларын ротациялау жүйесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Депутаттар бюджеттен қаржы бөлуді оңтайландыру заңның маңызды бөлігі екенін атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары емес спортшыларды мемлекет қаржысы есебінен қаржы­ландыруға тыйым салу, сондай-ақ қаржыны балалар мен жасөспірімдер спортының пайдасына қайта бөлу көзделіп отыр.

Заңға сонымен қатар туризм және спорт министрлігінің құзыретін, сондай-ақ спорт медицинасы мен оңалтуды дамы­туға бағытталған ережелерді нақты­лау жөніндегі түзетулер де енгізілген.

Отырыс соңында денешынықтыру мен спортты дамытудың кешенді тәсілі өңірлердегі экономикалық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.