
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық China CAMC Engineering Co., Ltd. (CAMCE) компаниясының президенті Ли Хайсинмен кездесу өткізді.
China CAMC Engineering Co., Ltd. – 60-тан астам елде инфрақұрылымды, өнеркәсіпті және энергетиканы дамыту салаларында кешенді EPC-жобаларды іске асыратын және Қытайдың Sinomach Group (China National Machinery Industry Corporation) машина жасау жөніндегі ірі мемлекеттік конгломератының құрамына кіретін жетекші халықаралық инжинирингтік компания.
Компания президенті Ли Хайсин Алатау қаласының көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын дамыту саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары туралы бірқатар ұсыныс айтты. «Орта дәлізді» дамыту аясындағы ынтымақтастыққа назар аударылды.
«Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі – барынша қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру. Бұл нақты экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және еліміз үшін маңызды жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Кейінгі алты жылда елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 130 млрд долларды құрады. Бұл ретте Мемлекет басшысының шикізаттық емес салалардың тартымдылығын арттыру бойынша бастамашылық жасаған шаралары нәтиже беруде – шикізаттық емес секторға шетелдік инвестициялар 72,7 млрд долларды құрады, яғни шетелдік әріптестер қайта өңдеу өнеркәсібі салаларына көбірек инвестиция сала бастады», деді О.Бектенов.
Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға инвестициялық ұсынысты егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды.