Мереке • 05 Наурыз, 2025

Жаңа күннің, жаңарудың дағдысы

290 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қоғам бір орында тұрмайды. Дамиды, өзгереді, түрленеді. Бұл заңдылық Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне де тән.

Жаңа күннің, жаңарудың дағдысы

Наурыз жаңаша сипат алды

Былтырдан бастап Наурызға жа­ңаша түр беру бастамасы көтерілді. Оны барлық қауым қол­дады. Был­тыр «Сенімен болашақ» республи­ка­лық ата-аналар қоғамдық бір­лестігі Ұлыстың ұлы мейрамын жаңа мазмұнда тойлауды бастады. Бұл Президенттің мерекенің маңызын арттырып, рухани қуатын заманауи түрде жаңғырту туралы сұхбатына дөп түсті. Мемле­кет басшысының ұсынысын іс жүзі­­не асырудың жолы Наурыз мейрамын азаматтық мерекеге айналдыру екенін түсінген бірлестік толық жүйеленген маңызды «SenBolНаурыз» бағдарламасын әзірледі. Мұнда мейрамға барлық адам қатысады.

Сондай-ақ адамның ұлтына, ті­ліне, сенім-нанымына қарамастан, айтулы мерекенің тәлімдік әрі тәр­биелік мазмұнын ашып көрсетіп бере алатын «Жаңару» мен «Әдепті өркениет» құндылықтарына ла­йықты мәдени іс-шараның рухани негізі мен ұйымдастыру жүйесі нақтыланды. Осы арқылы Наурыз мерекесі жалпыұлттық бірегейлік пен азаматтық ұстанымға негізделді.

ап

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Атырау атырабында өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлт­тық құрылтайда көптеген елдік мә­селені сөз етті. «Ендігі мәселе – ұлттық бірегейлігімізді нығай­ту. Мен «Egemen Qazaqstan» газеті­не берген сұхбатымда Ұлыстың ұлы күнін бүкіл ел болып жаңаша атап өтетінімізді айттым. Жақын­да осыған байланысты арнайы тұ­жырымдама қабылданды. Әрине, бүкіл әлем жұртшылығымен бір­ге қарсы алатын Жаңа жыл мере­кесінен бас тартпаймыз. Бірақ әз Наурыздың мәртебесін көтеріп, мазмұнын байыта түсеміз. Мысалы, көрісу күнінен басталатын мейрам кезінде әр күннің өз атауы болады. Соның бірі Ұлттық киім күні деп аталады. Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек», деп айтқан еді. Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы» Үкімет қаулысын әзірледі. Сөйтіп, Қазақ елі ұлық мерекені 10 күн тойлайтын болды.

 

Заманауи сипат

Жаңа жылда Аяз ата балаларға сыйлық береді. Бұл осы мереке­нің маңызын арттыра түсті. Әдемі дәстүрге айналды. Жаңа жылды халыққа барынша жақындатты. Наурыз мерекесінде де осындай дүниелер болса, кәнеки! Әсіресе балалардың есінде қалатын тосынсыйлар жасасақ, қандай ғанибет! Сондықтан Наурызды жаңаша тойлау арқылы мерекеде атқарыла­тын салт-дәстүр, таным-ұғымдарды үлгі-өнеге беретін тәлім-тәрбиелік форматқа негіздей алу керек. «Се­німен болашақ» ұсынған тағы бір жол – Наурыздың күнтізбелік жаңа жылмен байланыстырылуы.

31 желтоқсанда түнгі сағат 24:00-де күнтізбе бойынша келер жыл басталса, Наурыздың 22-сінде жаңа күнді қарсы алу дәстүрін қайта тү­летсек дейміз. Атқан таң мен келер күнге үмітпен қараған адамзат бар тіршілік жаңаратын Наурызды жақсылыққа ниет етіп бастаса, үлкен де, кіші де риза болары хақ. Жаңа жыл – Наурызды қарсы алу осы қасиетімен де басым болып тұр.

Отшашудың орнын шашу то­лықтай алмастыра алады. Қуа­ныштың айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүрдің ерекшелігі – әр тәтті де (шашуда) «Сенімен болашақ» ұжымының ақ тілектері жазылады.

Сондай-ақ таңғы астың ық­шам­­далған үлгісін әзірлеу – бағ­дар­ламадағы негізгі басымдықтың бірі. Таңғы ас күні бойы күш-қуат пен жігер беріп қана қоймай, құ­нарлылығымен ұзақ уақыт аштық­ты сезіндірмейді. Жент, талқан, балқаймақ, кілегей, сүзбе, уыз, ірім­шік секілді құнарлы тағамдар қо­йылған таңғы ас белсенді қи­мыл-қозғалыстың кепілі ғана емес, ағ­заның күні бойы алатын калориялық қуатын тиімді пайдалануға жол ашады.

Еңбек шеберханасы – адам өмі­рінің негізі. Еңбек – адамды материалдық әрі моральдық та дамыту құралы. Қазіргі альфа ұрпаққа еңбек құндылығын дәріптеуде Наурыз мейрамы тап­тыр­мас құрал. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл­ды «Жұмысшы ма­мандықтары жы­лы» деп жариялауы бекер емес. Жо­ға­ры бағалануға тиіс еңбек адамы­­­­ның қадір-қасиетін арттыру арқы­лы жастарды тәрбиелеу ұстанымы жатыр.

«Koje time» – Ұлыстың ұлы күні дайындалатын ас. Наурыз көженің адам ағзасына берер қуаты мен нәрі бөлек. Құрамына жеті түрлі дәм қосылып даярланатын көжені қазан толып, ақ мол болсын деген ниетпен бірлестік қызметкерлері бірлесе даярлайды.

«Tree of life» – көктеммен бірге келіп, көңілді көріктендіретін мейрамды жаңаша мерекелеудің жобасына бірлесіп ағаш отырғызу да енгізілді. Бұл – сабақтастықтың, жаңа өмірдің, табиғатпен етене жақындықтың және жаһандық эко­логиялық қозғалысқа қосқан үлес­тің үлгісі. Бұдан бөлек, жаңа жыл­да шыршаларды кесіп, таби­ғатқа залал келтірсе, Наурызда кері­сінше, «бір тал кессең, он тал ек» қағидасын берік ұстанып, елімізді көгалдандыруға үлес қосады.

Сондай-ақ Анаға тағзым – біздің бірлестік миссиясының бірі. Бұл ата-ана мәдениетін қалыптастыру болғандықтан, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсеткен дала философиясы. Осы идея «SenBolНаурыз» тұжырымдамасында берік орын алған.

Бірлестіктің аза­маттық ұста­нымы ретінде басталған бұл үрдіс қоғамда қолдау тауып, белең алса, қоғамның ұтары мол.

 

Нұркен АСАНОВ,

«Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы