Сенат • 04 Наурыз, 2025

Маңызды заң қаралады

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Онда депутаттар 6 наурызда өтетін палата отырысының күн тәртібін бекітті.

Маңызды заң қаралады

Іс-шара барысында бюро мүше­лері палатаның алдағы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарау туралы шешім қабылдады. Келі­­сім айыпталушының кінәсін дә­лел­деуге бағытталған процес­суал­­д­ық әрекеттер жүргізуді көздейді.

Заңның мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам­дарды экстрадициялауға құқық­тық негіз қалыптастыру, сондай-ақ қыл­мысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл құжат қылмыс жасаған адамдарды беру тетік­терін қалыптас­тыру­ға, қылмыс­қа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған. Келісім нормалары экстрадициялау және одан бас тарту негіздерін, беру шарттары мен рәсімдерін және экстрадициялауды кейінге қалдыру немесе белгілі бір мерзімге беру мәселелерін де айқындайды.

Сонымен қатар бюрода депутаттар комитеттердің алдағы отырыстарында қаралатын мәселелерді пысықтап, Мәжілістен келіп түскен заңдарды бөлді.