Әдебиет • 04 Наурыз, 2025

Поэзия әлеміндегі тұңғиық

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауырлығы табыттай, жеңілдігі көбіктей» те­рең жыр темірені Жұмекен тұңғиығының кілті әріде. Жаңа уақыт алмасқан сайын жұмбақ ақынға деген оқырман ықыласы да артып келеді.

Поэзия әлеміндегі тұңғиық

Мемлекет бас­шы­сының Ұлттық құ­рылтайда «жап­пай кітап оқитын ұлтқа ай­налуымыз керек» деген бас­тамасын негізге ала отырып, «Бір ел – бір кітап» респуб­ликалық акциясы аясында көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары жөнінде Орталық кітапханада әдеби дәріс өтті. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жұмекентанушы Амангелді Кеңшілікұлы «Жұ­ме­кеннің жұмбағы» атты та­қырыпта сөз өрбітіп, келелі ойдың көрігін қыздырды.

– Бір күні әкем Жұмекен Нәжімеденовті үйге ертіп алып келді. Сол шақта ақынды алғаш рет көрген едім. Өте сыпайы, аса көп сөйлемейтін кісі екен, өлеңдерін де оқып берді. Мұның бәрін өзімнің «Қоңыр күздегі кездесу» деген эссемде жазғанмын. Жалпы, Жұмекен шығармашылығы туралы айтқанда, көп іркіліп қала береміз. Оның себебі, ақынның тереңдігі, интеллектуалдық қуатының жоғарылығынан деп түсінемін. Мәселен, ақынның өлеңіне жазылған әндер үш-төртеу ғана болар. Ал көбі Жұмекен Нәжімеденовті Әнұранның авторы деп қана танып жатады. Бұл дұрыс емес, ақынның ғажайып өлеңдері өте көп, – деді сыншы Амангелді Кеңшілікұлы.

Лекцияда жұмбақ ақын­ның әлем әдебиетіндегі ұстаз­дары, аудармалары мен ең­бекқорлығы хақында жан-жақты айтылды. Келген қонақ­тар көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. «Рух жыры» атты жинағын ала келген сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, болашақта жыр жұлдызы туралы кітапты то­лық­тырып шығару ойында бар екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15