Үкімет • 18 Ақпан, 2025

Жаңа әкімдерді таныстырды

45 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

Жаңа әкімдерді таныстырды

Депутаттарға Мемлекет бас­ш­ы­сының Абай облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Президент кеңесшісі – Пре­зиденттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Абай облысы Кур­­­чатов қаласының әкімі Болат Әб­ді­­ра­лиевті ұсыну туралы хаты оқылды.

Ашық дауыс беру қорытын­дысы бойынша 126 депутаттың 102-сі Берік Уәлидің кандидатура­сына дауыс берді. Болат Әбдіра­лиев­тің кандидатурасын 24 депу­­тат жақтады. Президенттің тиісті Жар­­лығымен Берік Уәли Абай об­лы­сының әкімі болып тағайындалды.

Облыс активімен кездесуде Премьер-министр өңірдің дамуы­на қосқан үлесі үшін Нұрлан Ұранхаевқа алғыс білдірді. Олжас Бектенов облыстың жаңа әкімі Берік Уәлиді таныстырды. Өңір басшылығы алдына Президент экономиканы әртараптандыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға баса назар аудара отырып, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде ауқымды міндеттер қойғаны атап өтілді. Алакөл көлінің, өңірдегі тарихи және мәдени орындардың әлеуетін аша отырып, туризм саласына ерекше көңіл бөлу қажет.

Абай облысы Ресей және Қытай­­мен шектеседі, ха­лық­­аралық транзиттік сауда тора­­бы саналады, сондықтан қол­да бар транзиттік әлеуетті барын­ша пай­далану қажет. Аягөз-Тачэн бағы­тындағы теміржол және «Бақты» құрғақ порты құрылы­сы бойынша маңызды инфра­құ­ры­лымдық жобаларды іске асыру мәселелерін бақылауда ұстау тапсырылды.

Сондай-ақ өңір халқын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

 

* * *

ап

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Прези­дент Әкім­шілігінің басшы­сы Ай­бек Дәдебай Шығыс Қазақ­­­­стан облысы мәс­ли­хат­­тары депутаттары­ның жи­­налысына қатысты.

Жиналыс барысында депу­таттарға Мемлекет басшысы­ның Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына екі кандидат – ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен ШҚО Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновты ұсыну туралы хаты оқылды.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша депутаттар Нұрымбет Сақтағановтың кандидатура­сын қолдады, оған 148 депутаттың 104-і дауыс берді, Арман Бек­босыновты 41 депутат жақтады.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақ­стан облысының әкімі Нұрым­бет Аманұлы Сақтағанов­ты тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Облыс активімен кездесуде Олжас Бектенов Ермек Көшербаевқа нәтижелі жұмысы мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан облысына шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылғаны атап өтілді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономикалық өсім­ді қамтамасыз етуге мүм­кіндік берді. Облыста инфрақұ­ры­лымдық және әлеуметтік жаңа нысандар іске қосылды.

Жаңа әкімді таныстырған Премьер-министр Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысы бас­шылығы алдына қой­ған мін­деттерге тоқталды. Іске асы­ру халықты жұмыспен қамта­масыз етіп, өңір экономикасының дамуына серпін беретін перспективалы бағыттар айқындалды. Басым жобалар қатарына шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, цифрлық шешімдерді енгізу жатады. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын күшей­тудің маңыздылығы атап өтілді.

Табиғи демалыс аймақтары мен тарихи-мәдени орындарды дамыту арқылы туристік әле­ует­ті ашуға ерекше назар ауда­рыл­ды. Бұқтырма су қоймасы ар­қы­лы еліміздегі ең ірі көпірдің ашылуы, Катонқарағай және Зайсан курорттық аймақтарында әуе­жайлардың салынуы сала мен жалпы экономиканың дамуына қосымша серпін береді.

Басым міндеттер қатарында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, инвес­торлар үшін қолайлы жағдай жасау, өнеркәсіпте заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдер қолдану және басқа да мәселелер белгіленген. 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25