Саясат • 15 Ақпан, 2025

Мәжіліс спикері Қытай елшісімен кездесті

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қытай Халық Республи­касының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинмен кездесті.

Мәжіліс спикері Қытай елшісімен кездесті

Әңгімелесу барысында Мәжіліс спикері Хан Чуньлинді Қазақстандағы дипломатия­лық миссиясының басталуымен құттықтап, бұл екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамуы кезеңіне сәйкес келгенін атап өтті.

– Қытай – біздің ең жақын көршіміз. Екіжақты қарым-қаты­насымыз жаңа «алтын отыз жыл­дықтың» кезеңіне еніп, мәң­гілік жан-жақты страте­гия­лық әріптестік рухында ны­ғайып келеді. Бұл – ең алды­мен, елдеріміздің көш­басшы­ларының қажырлы еңбегінің нәтижесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен Төраға Си Цзиньпиннің тұрақты жеке кездесулері Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарды, – деді Е.Қошанов.

Мәжіліс спикері мемлекет басшылары қол жеткізген барлық уағдаластықты іске асыру үшін парламентаралық байланыстарды дамытуға дайын екенін айтты.

Ерлан Қошанов сондай-ақ дипломатты Мемлекет бас­шы­сының жетекшілігімен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды экономикалық және сая­си реформалар туралы хабардар етті. Мәселен, халықтың бейбіт атомды сенім­ді әрі экологиялық таза энергия көзі ретінде дамыту туралы шешімі жайлы айтып, бұл қадам алдағы уақытта ғы­лы­м­ның, техниканың және өндірістің өркендеуіне бастайтынына назар аударды. Сондай-ақ өндіріс саласын кеңейту, банк секторын нығайту және инвестиция тарту бойынша жоспарлар да сөз болды.

Өз кезегінде Хан Чуньлин Қазақстан мен Қытай көш­басшылары саясатының ортақ тұстары барын және халық­аралық күн тәртібінен эконо­микалық дамуға дейінгі мәсе­лелер бойынша ұқ­сас құн­ды­лықтарды қамтитынын атап өтті. Елші Қазақстан ҚХР үшін Орталық Азиядағы аса маңызды сауда және инвестициялық әріптес екеніне тоқталды. Ол сондай-ақ партияаралық байланысты нығайтуға мән берді.

Тараптар энергетика, жасанды интеллект, цифрлық экономика, білім беру және туризм сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты тереңдету жайын да талқылады. 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше