
Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ұсынылған шаралар жұртшылықпен, әсіресе бизнес өкілдері және сарапшылармен белсенді түрде кеңінен талқыланып жатқанын атап өтті. Ұлттық экономика, қаржы вице-министрлері бастаған жұмыс топтары барлық өңірдегі бизнес-қауымдастықтармен кездесіп, талдау және өңдеу үшін ұсыныстар жинады.
Ұлттық экономика министрлігі фискалды реформаның негізгі тәсілдерін қысқаша таныстырды. Сараланған ҚҚС және есепке қою шегін төмендету Ұлттық қорға тәуелділікті азайтып, инфрақұрылымды дамытуға қосымша қаражат жұмсауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар арнайы салық режімдерінің санын 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқарту ұсынылады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы кірістер деңгейі шамамен 20%-ды құрайтыны, бұл түсімдер бойынша ІЖӨ үлесі екені атап өтілді. Басқа елдермен салыстыратын болсақ, Ресейде бұл көрсеткіш – 42%, дамыған елдерде – 50%-дан астам.
«Әкімшілікке қатысты көптеген сұрақ туындайды. Біз де бір жерде тұрмаймыз, жұмыс істейміз. Белгілі бір жетістіктер бар. Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша да белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Қаңтар айында біз кірістер жоспарын 150%-ға орындадық. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер саласындағы жұмыс пен цифрландырудың нәтижесі», деп атап өтті О.Бектенов.
Үкімет тиімділікті арттыратын және бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдететін бірыңғай цифрлық экожүйені құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жасанды интеллект және автоматтандырылған деректерді талдау енгізілуде, бұл әкімшілік жүктемені азайтады және ашықтықты арттырады. Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін деректерді өңдеу технологиялары белсенді түрде енгізіліп отыр.
Салық реформасы аясында жалған мәмілелерді жою мақсатында ЖШС-лер мен ЖК-лерді тіркеуге бақылауды күшейту ұсынылып отыр. Face ID арқылы кәсіпкерлерді сәйкестендіру шаралары қарастырылып жатыр. Сонымен қатар жалған тұлғалардың атына тіркелу қаупін азайту үшін ақпарат тексеріледі. 2024 жылы 1 мыңнан астам осындай компания анықталды. Тағы бір бастама – құрылтайшының кәсіпорындары жұмыс істемесе, салық берешегі болса немесе елеулі салықтық бұзушылықтарға жол берген жағдайда жаңа компанияларды тіркеуге тыйым салу.
Түрлі интернет-платформаларда жұмыс істейтін азаматтар санының өсуін ескере отырып, салықтық әкімшілендірудің маңызды қадамы платформалық жұмыспен қамтуды реттеу болды. Мысалы, «Яндекс такси» платформалық жұмыспен қамту бойынша салықтық әкімшілендірудің пилоттық жобасы аясында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жүргізушілер үшін 378 млн теңге көлеміндегі жеке табыс салығын, сондай-ақ 1 млрд теңгеге жуық әлеуметтік төлемдер аударылды. Жеке кәсіпкер ретінде 50 мың такси жүргізушісі тіркелді Осылайша, Яндекс салықтар бюджетке қосымша процедуралық мәселелермен ауыртпалықсыз тікелей төленеді. Биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін Қаржы министрлігі жобаның қолданысын 30-дан астам платформаға кеңейтуді жоспарлап отыр.
«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының бұрынғы төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Болат Жәмішев ҚҚС мөлшерлемесін 15 млн-ға төмендетуді қолдады. «Менің ойымша, 15 млн төменгі шек нақты сақталуы керек. Әрине, бұл шегті көтеруге міндетті түрде қысым болады. Бұл қызыл жолақ, өйткені ол бизнесті бөлшектей бастайды. Салық мөлшерлемелері көтерілген кезде бөлшектену үшін көбірек ынталандыру бар», деді Б.Жәмішев.
Тәуелсіз директор, «Алматы» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Абай Сарқұлов бюджет тапшылығын қысқарту үшін реформалардың пайдасына Ұлттық қордан қаражат алудан бас тарту ұсынылатынын атап өтті. Ал «Қазақстанның желдеткіш құрылғыларын өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Марат Баққұлов өз сөзінде кәсіпорын басшылығы тарапынан бизнес жұмысын әкімшілендіруге тоқталды. «Ешқандай кәсіпкер салықты көтеруді «жақтаймын» деп айтпайды, бұл түсінікті. Бірақ адал әрі ашық жұмыс істейтіндер, біздер салықты барлығы төлеуі керек деп айтамыз. Яғни салық көлемі төмендетілетін жекелеген санаттар болмауы керек, өйткені бұл қашан да «сұр» схемаға айналады», деді М.Баққұлов.
Қарағанды халықаралық «Сарыарқа» әуежайының иесі Ерлан Оспанов дамыған елдерде салықтан жалтару қылмыс екенін айтты. Сондықтан бизнестің бөлшектенуі қоғамдық сынмен қатар жүреді. Бұл ретте сарапшы кәсіпкерлік операциялардың заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету құралы ретінде салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың және тексерулерді кезең-кезеңмен азайтудың маңызын атап өтті. Өз кезегінде кәсіпкерлер де адал жұмыс істеуі керек.
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрайымы Әсел Сәрсенбаева экономикадағы, оның ішінде салық реформасындағы теңгерімсіздіктерді жою қажеттігі туралы баяндады. Үкіметтің қазіргі ұсынысы ҚҚС-ты механикалық көтеруді білдірмейді, бұл салық ауыртпалығын әділ бөлуге қатысты ұсыныстар. Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, бұл ортамерзімді келешекте инфляцияның төмендеуіне әкелуі мүмкін ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті жою туралы.
Ал «Zertteu Research Institute» коммерциялық емес ұйымының тең құрылтайшысы және атқарушы директоры Шолпан Әйтенова кіріс бөлігін ғана емес, шығыс бөлігін де реттеу және оның тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, функциялары цифрлық шешімдермен алмастырылуы мүмкін органдар санын қысқарту ұсынылды.
Өз кезегінде «NAC Analytica (NU)» қоры талдау орталығының басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі бағыты тауарлардың заңсыз қозғалысына бақылауды күшейту және экономикадағы көлеңкелі схемаларды жою екенін атап өтті. Сонымен қатар салықтық міндеттемелерді барынша азайту мақсатында бизнесті бөлшектеу схемаларын теріс пайдалану жағдайларын жария ету салық тәртібін қамтамасыз етудің тиімді тетігі бола алады. Қаржы министрлігіне бұл мәселені жан-жақты зерделеу тапсырылды.
Сонымен қатар салық міндеттемелерін азайту мақсатында бизнесті бөлу схемаларын теріс пайдалану жағдайларын жария түрде жариялау салық тәртібін қамтамасыз етудің тиімді тетігі бола алады. Қаржы министрлігіне осы мәселені егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды.
Сарапшылар айтқан барлық мәселе бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин табысы 15 млн теңгеге дейінгі кәсіпкерлердің 80%-ы микро және шағын бизнес санатына жататынын атап өтті. Салыстыру үшін Ресейде бұл шек – 10 млн теңгені, Өзбекстанда – 30 млн теңгені, Қырғызстанда 30 млн теңгені құрайды. Қазақстанда табысы 39 млн-нан 78 млн теңгеге дейінгі бизнес 20-30 компанияны тіркей отырып, неғұрлым тиімді салық санатында қалу үшін бөлшектеу схемасын жиі пайдаланады. Мысалы, мұндай көрініс құрылыс индустриясында байқалады. Осылайша, ірі және орта бизнес салықтан жалтарып, шағын және орта сегментке кетеді. Сайып келгенде, кәсіпкерлер саны өседі, бірақ бизнестің ІЖӨ-ге қосқан үлесі көбеймейді.
Премьер-министр айтылған ұсыныстарға түсіндірме бере отырып, шығындарды қысқарту мәселесі де маңызды бағыт болып саналатынын атап өтті. Қазіргі уақытта Үкімет қайталанатын және өзге де басым емес функцияларды қысқарту жөніндегі шешімдер пакетін пысықтауда. Бұл шешімдер жұртшылыққа да айтылатын болады. Сонымен қатар шығыстарды қысқартудың рұқсат етілген көлемі бюджеттегі бар теңгерімсіздікті өтемейді және тозған инфрақұрылыммен проблемаларды шешуге және орнықты экономиканы дамыту жөніндегі мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік бермейді.
Талқылауды қорытындылай келе, Үкімет басшысы салық жүктемесін әділ бөлудің маңыздылығын атап өтті. «Спикерлердің көпшілігі әділдік қағидалары мен барлығы салық төлеуі керек дегенді айтты. Салық төлемейтін адам жай ғана жосықсыз бәсекелеседі. Бұл түсінікті. Ол өзін заңға бағынатын компаниялармен салыстырғанда артықшылықты позицияға қояды. Біз адал бизнеске, салық төлейтіндерге назар аударуымыз керек. Бүгін оларды көріп отырмыз. Біз оларды қолдаймыз», деді О.Бектенов.