Қоғам • 14 Ақпан, 2025

Керек дерек

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгеріс күшіне енеді. Бірақ бұл ереже биылғы 24 наурыздан бастап елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты болмақ.

Керек дерек

Сурет: freepik.com

Ел аумағында бұрыннан бар, идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізіл­ген телефондар ешқандай шек­теу­сіз жұмысын жалғастыра­ды. Бұл жаңашылдық тіркеу жү­йесін одан әрі жақсартып, алаяқтыққа қарсы күресуге, тұтынушылардың құқығын қорғауға, мобильді құрыл­ғыны пайдалану қауіпсіздігін арт­тыруға бағытталған.

Бүгінде елімізде, шамамен 3,7 миллион қай­та­ланған IMEI-коды бар құ­рылғы тіркелген. Олардың заң­сыз әкелінуі айтарлықтай эко­номикалық және әлеуметтік мәселе туындатады. Мұндай мобильді құрылғылар нарығы құрылғылардың заңды айналымын бақылауды қиындатып, телефон ұрлығының көбеюіне ықпал етеді. Бір жағынан, әді­летсіз бәсекелестік туғызады. Осы мәселені шешу мақса­тында жаңа ереже енгізіліп, мобильді құрылғылар нары­ғының ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қарастырылған.

Жаңа ережеге сәйкес тір­кеу кезінде арнайы жүйемен мынадай өлшемдерді тексереді: бірінші – құрылғы IMEI-кодының түпнұсқалығы, екін­ші – IMEI-кодтың GSMA халық­аралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде болмауы, үшінші – құрылғының елімізге заңды түрде әкелінгені.

 

Қайсар ҚҰСАЙЫН 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше