
Сурет: gov.kz
Осы орайда Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті заң талаптарына сай, табанды, нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Оған өткен жылы жүргізілген аудиторлық қызмет көрсеткіштері нақты дәлел. Департамент тарапынан Қызылорда облысындағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, су шаруашылығы салалары бойынша жүргізілген барлығы 84 аудиторлық іс-шарамен 34 492,3 млн теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде, жалпы сомасы 16 392,4 млн теңгеден астам бұзушылық анықталды. Оның ішінде қаржылық ден қою шараларымен бюджетке өтелгені, қалпына келтірілгені 8 851,1 млн теңгені, немесе 95,1%-ды құрады.
2015 жылғы 12 қарашадағы №392 «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның 5-бабына сәйкес қазірде Департамент анықтаған бұзушылыққа қатысты мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шараларын жүргізу жұмысы жалғасып жатыр.
Мұрат ЕСЕНБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті сәйкестік аудит бөлімінің басшысы