Тағзым • 14 Ақпан, 2025

Аңызға айналған тұлға

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалар хирургиясы, педиа­т­рия, травматология, анестезио­ло­гия салаларының негізін қа­ла­ған медицина ғылым­дары­ның докторы, профессор, ҰҒА ака­демигі Камал Сәруәрұлы Ор­ман­таев бақиға озды. Бұл ұлт­­тық медицинаның тұтас бір дәуірі көшіп бара жатқандай әсер қалдырды...

Аңызға айналған тұлға

Фото: lubimec.kz

Ғалымның балалар хирур­гиясының, оның ішінде нә­рестелер хирургиясының негізін қалауға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Осы салада алғашқы ғылым докторы атанып, саланы тәжірибеде ғана емес, ғылыми тұрғыда зерттеп, өркендеу жолына бағыттай білді. Нәрестелер хирургиясы түсінігінің қалыптасуына ық­пал еткен профессор балалар хирургиясы кафедрасын жеке бөліп шығарып, шағын бір курстың үлкен бағытқа айна­луына аянбай тер төкті. Педиа­трия және балалар хирур­гия­сы ғылыми орталығы бас­шы­лығында ұйымдастыру ісі мен тәжірибені қатар ала жүріп, білікті шәкірттер тәрбиеледі. Ұстаз салған сүрлеумен көптеген шәкірті ғылым соқпағына түсті. Ғылыми педиатр балалар хирур­гиясы, анестезиология-реаниматология, ортопед-травматолог мектебінің негізін қалады. Егемендік алған жылдардан бас­тап медицина, соның ішінде балалар хирургиясы іс-қағаздары мен ғылымын мемлекеттік тілде жүргізуге белсене кірісті.

Барлық салада жақсы маман болып қалыптасу үшін білік­ті ұстаз керек. Ал ұстаз жа­уапты шәкірт даярлауда­ зор жауапкершілік жүгін арқа­лайтыны заңдылық. Бүгінде отандық сала мамандарын алыс-жақын шетел – Камал Орман­таевтың шәкірттері ретінде таниды. Өз ісінде ардан таймаған, қолы алтын ардақты ұстаздың артында қалған мол мұрасы, айтулы еңбектері әлі де ұзақ жыл ұлт медицина саласының дамуы­на азық болатыны сөзсіз.

 

Асылжан ЕРЕКЕШОВ,

«Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» АҚ

басқарма төрағасының орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше