Тағзым • 14 Ақпан, 2025

Өзіміздің Ибн Синадай

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Академик Камал Ормантаев туралы көп айтылды, көп жазылды, тіпті фильм де түсірілді. Ол – еліміздегі балалар хирур­гиясының негізін қалаған дәрі­гер, мыңдаған баланың өмірін құтқарып, олардың тағдырына әсер еткен тұлға. Ата-аналарға үміт, балаларға өмір сыйлаған ғалымға қандай құрмет көрсетсек те артық емес.

Өзіміздің Ибн Синадай

Академик медицинада өз мектебін қалыптастырды, шәкірт тәрбиеледі. Оның оқушылары бү­гінде профессор, доцент, бі­лікті маман атанып, ұстазы­ның­ ісін жалғастырып келеді. Бұ­лардың көбі – қарапайым ауыл­­­­дан шыққан азаматтар. Камал Сәруәрұлы Сыр өңірінде туса да, тұтас қазақтың, тіпті әлем­­­нің дәрігері, ғалымы бола алды.

Профессор К.Ормантаев­ты Қазақ ұлттық медицина уни­верситеті ұжымы қай­бір жылы «ХХІ ғасырдың Ави­цен­насы» атағымен марапаттады.

Ол шын мәнінде ұлы дәрігер, ғалым, ұстаз болды. Оның еңбек­тері әрқашан сұранысқа ие. Сту­денттер мен дәрігерлер Камал Сәруәрұлының оқулықтарын іздеп оқиды. Нағыз ғалымның жазғаны шаң баспайды.

Академиктің мерейтойына арналған деректі фильмде оны Д.Сэлинджердің «Жар жағалаған жалғыз» романын­дағы кейіпкерге теңеген едім. Романдағы кейіпкер бала­лар­ды құтқаруды армандаса, Камал Сәруәрұлы шын мәнін­де мыңдаған баланың өмірін сақ­тап қалды. Ол – нағыз дәрігер, өз ісінің жанашыры, ұстаз, академик. Ол ашық сөйлей­тін, кейде қатал да көрінетін. Бірақ әрдайым адал болатын. Осы қасиеті жаңа ұрпаққа да бұйырсын дейміз.

 

Талғат МОМЫНОВ,

ҰҒА академигі

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше