Сенат • 04 Ақпан, 2025

Сенаторлар Бюджет кодексін қарайды

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда депутаттар 6 ақпандағы отырыстың күн тәртібін бекітті және іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында осы аптада атқарылатын жұмыс барысын талқылады.

Сенаторлар Бюджет кодексін қарайды

Сурет: astanatv.kz

Белгіленген күн тәртібіне сәйкес алдағы бейсенбіде сена­торлар «Қазақстан Республикасы­ның Бюджет кодексі жөнінде» және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қа­зақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» заңдарды қарайды. Бюро мүшелері Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен аталған тиісті қаулыны қабылдады.

Заң бюджеттік процесті тү­бегейлі оңайлатуды, «бюджет­ті басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшу жолымен бюд­­жеттік саясат моделін рефор­ма­лау­ды, сондай-ақ блоктік бюджет элементтерін енгізуді, бюджеттік саясаттың шекті параметрлерін айқындауды және фискалдық орталықсыздандыруды күшей­туді көздейді.

Бюрода депутаттар осы аптада нақты мәселелерге арналып өткізілетін отырыстардың күн тәртібін де пысықтады. Атап айтқанда, ЕАЭО шеңберінде кедендік әкелу баждары, зияткер­лік меншік, еліміздің мақта саласын дамыту және оны қайта өңдеу сияқты бірқатар өзекті тақырып бойынша ұйымдастырылатын отырыстар туралы сөз болды.

Сонымен қатар бюрода бұған дейін Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.