ОРАЛ. 17 маусым. БатысҚазақстандағы «Қарашығанақ» кен орнының санитарлық қорғау аймағын ұлғайту жөніндегі шаралар белгіленді. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осындай мазмұндағы құжатқа қол қойды. Оның нақты іс-қимыл жасау уақыты 2018 жылдың 1 қаңтарына сәйкес келеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Санитарлық қорғау аймағының өсуі №2 газды кешенді түрде өндеу орталығының қуатын жаңғырту қажеттілігінен туындады. Бұл жөніндегі Үкімет Қаулысы сәл кейін қабылданады деп күтілуде. Жаңа аймақ іске қосылған кезге дейін осы маңайдағы Бестау және Березовка ауылдарын көшіру көзделген. Оның уақыты алдағы 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Бұл жөнінде Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Өтегенов: «Аталған ауыл тұрғындарымен ертерек кездесіп, бір ұйғарымға келуді ойластырып отырмыз. Өйткені, біз үшін олардың ұсыныстарын білу өте маңызды. Алдағы көші-қон жайының барлық мәселелері осы кездесуде ортаға салынады», – деді.
Осы арада 2015 жылдың 8 мамыры күні Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылында қалыптасқан күрделі жағдайға қатысты мәжіліс өткізгенін айта кеткен жөн. Онда вице-премьер «Қарашығанақ» кен орнының санитарлық қорғау аймағын ұлғайту қажеттігін, соған сай ауыл тұрғындары көшірілуі керектігін атап көрсетті.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: khabar.kz.

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35