Аймақтар • 06 Қараша, 2024

Екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» компаниясы күн райының бұзылуына байланысты Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды

Фото: ҚазАвтоЖол

Жамбыл облысындағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 535-593 шақырымы аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Хабарламада шектеу 6 қараша сағат 16:00-ден 7 қараша 4:00-ге дейін енгізілгені айтылған. 

Ал Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға)» автожолының 12-250 шақырымы аралығында (Ақтөбе қаласынан Қарауылкелді ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Облыстағы бұл күрежолдар учаскесі қашан ашылатыны белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше