Спорт • 31 Қазан, 2024

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел балуаны Жәмилә Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: United world wrestling

72 келіде Қазақстан намысын қорғаған Жәмилә Бақбергенова финалда жапониялық балуанға есе жіберді. Қорытынды есеп 8:6 ұпаймен жеңіс Ами Исиидің еншісіне жазылды. 

Осылайша әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Жәмилә спорттық мансабында үшінші рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ оның қоржынында әлем біріншілігінің «қола» медалі де бар.

Жәмила Бақбергенова қазақ қыздары арасынан әлем чемпионаттарында 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан екенін айта кету керек. 

Ол финалға дейінгі 1/8 бәсекесінде Эмилия Кречун 10:0 есебімен тізе бүктірсе, 1/4 финалда Адель Ганзличковадан (Еуропа чемпионатының қола жүлдегері)  6:3 ұпай санымен басым түсті. Жартылай финалдық белдесуде Болортуяа Зоригтті (Азия чемпионы) 8:6 есебімен жолда қалдырды. 

 

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33