Таным • 17 Қазан, 2024

Ұйқы жағалауы

105 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ежелгі грек мифологиясында ұйқы құдайы Гипнос пен өлім құдайы Танатос егіз болған деседі. Расында, «қазақ ұйқы – кіші өлім» деп жатады. Баба танымында адам ұйықтаған уақытында рухы жер-көкті шарлап жүреді-міс. Қалай десек те, ұйқы құбылысының мәні ерек, түбі тұңғиық.

Ұйқы жағалауы

Сурет: ru.freepik.com

Ғалымдар адам өмірінің үштен бірі ұйқымен өтетінін айтады. Мәселен, 60 жастың 20 жылы, 75 жастың 25 жылы ұйқыға кетеді. Ұйқының денсаулық үшін маңызы жоғары. Ұйқы режімін дұрыс сақтамаған жағдайда қант диабеті, жүрек қан тамырлары аурулары, инсульт, қан қысымы, психологиялық жай-күйдің төмендеуі секілді дерттер пайда болуы ғажап емес.

Ұйқыны азайтып, жүйелі еңбек ету туралы философтар мен өнер адамдары жарыса пікір қалдырған. Тіпті испаниялық суретші Салвадор Дали көп картинасын түсінде көрген бейнелерді қағазға түсіру арқылы салған. Ал Оноре де Бальзак, Лев Толстой, Чарльз Дарвин сынды майталмандар 8 сағат ұйықтаса, Зигмунд Фрейд пен Владимир Набоков 6 сағат, Наполеон Бонапарт пен Вольтер 4 сағат ұйықтаған. Бүкіл өмірін білімге, жазуға арнаған ғұламалар артық ұйқыны «өлі уақыт» санап, тіпті өзін 2 минут кешігіп оятқан күзетшісіне А.Эйнштейннің қатаң сөгіс білдіргені бар.

«Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,

Ұйқы тең шалажансар өлімменен.

Қанша менің өлді екен уақытым

Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!»

Мұқағали Мақатаевтың бұл шумағы уақыт өлшемін өзгеше сезінуден туса керек. Уақыт қадірін артығырақ түйсіну – данышпандықтың бір өлшемі.

Психологтер күндізгі ұйқының ми құрылысына пайдасы орасан зор екенін алға тартады. Олар 1 500 адамды тәжірибеден өткізіп, күндізгі уақытта 5 минут пен 2 сағат көлемінде ұйықтаған 300 адамның қалған адамдарға қарағанда ширақ, сыртқы факторларды жылдам таразылай алатынын, ми жүйесі мығым жұмыс істейтінін анықтаған. Сонымен бірге білім алуға деген қарқын мен ағзаның қызметін жақсартатынын, көңіл күй тұрақтылығын сақтайтынын айтқан.

Ұйқы – жеке ғылым. Терең ғылымның ішіне сүңгіп, өз ұйқы мөлшеріңді анықтау да маңызды. Өйткені адамның ұйқыны қабылдау деңгейі гендік, психологиялық тұрғыдан әр түрге бөлініп жатады. Біреулерге 5 сағат ұйқы аз болса, басқаларға жеткілікті мөлшерге бара-бар. Дененің қажетті демалысына көңіл бөлсек, ол жеміс ағашы секілді бізге жарқын қуат пен жақсы көңіл күй сыйлайды екен.

Демек ұйқы жағалауы ат үсті қарайтын, жол-жөнекей шолатын дүние емес. Онда біздің тұтас өміріміз бар, жанымыздың талшығы, жүрегіміздің соғысы тұр.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15