22 Маусым, 2010

МУЗЫКА СҮЙЕР ҚАУЫМҒА – АЛЬЯНС БАНКТЕН ТАРТУ

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Альянс Банк” барлық қазақстандық классикалық музыка сүйер қауымға Астана күні қарсаңында Алматыда және Астанада асқан шеберлікпен скрипкада орындау­шы­лар Арман Мырзағалиевтің және Анастасия Хитруктің өнерлерін сыйға тартып отыр. Арман Мырзағалиевтің есімі отандық му­зыка сүйер жұртшылыққа кеңінен та­нымал. Қазір ол Бостон қаласында тұрады. Музыкант жоғары деңгейдегі түрлі шара­ларда Қазақстанның мәдениетін лайықты көрсетіп жүр. Ал скрипкашы Анастасия Хитрук болса әлемнің таңдаулы концерттік сах­наларында өнерімен көрермендерді тәнті етуде. Скрипкашылардың мерекелік кон­церт­­тері “Солистер академиясы” мем­лекеттік ка­мералық оркестрінің сүйемел­деуімен Ас­танада 24 маусымда сағат 19.00-де Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында және Алматыда 3 шіл­деде сағат 19.00-де Құрманғазы атын­дағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында өтеді. Бағдарламада – nuevo tango мәнерін құ­рушы ХХ ғасырдың көрнекті компо­зиторы Астор Пьяцолланың және италь­ян­дық скрип­ка музыкасы классиктерінің бірі Антонио Вивальдидің шығармалары бар.