22 Маусым, 2010

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бұған дейін “Күлтегін” бас­па­сынан он төрт кітаптан тұратын тәуелсіздік шежіресі жарық көргені белгілі. Осынау көп томдық жинақ елдегі кітапханалар жүйесі мен оқыр­мандарға “Қазақстан Респуб­ли­касы” деген сериямен жол тар­тып отыр. Аталған көп томдық жобаның жетекшісі әрі авторы белгілі мемлекет және қоғам қай­раткері, филология ғылымдары­ның докторы Мырзатай Жолдас­беков. Өткен аптада Орал қаласында, “Нұр Отан” ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалында ұйым­дас­тырылған ғылыми-практикалық конференция осы жинақтардың тұсаукесер рәсімі рөлін атқарды.  Конференцияны ашып, кіріспе сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Сүлей­мен тәуелсіздіктің жиырма жыл­ды­ғы құрметіне, осы мерейлі дата­ның қарсаңында шыға бастаған бұл кітаптардың халыққа берері мол екенін атап өтті. Ол тәуел­сіздіктің қадір-қасиетін тереңірек түсінуге, оны бағалай білуге жол ашады. Сондай-ақ жаңа жинақтар тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтай білу қажеттілігін ұғындыра алуымен де құнды. Бұдан соң “Нұр Отан” ХДП Батыс Қазақстан облыстық фи­лиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков “Елбасы жол­дады – елі қолдады” кітабы жө­нінде өз ой-пікірін ортаға сала келе, ел мен Елбасы арасындағы тығыз бірлік пен қарым-қатынас жөнінде әдемі ой сабақтады. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры, педагогика ғылым­дарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев осы серия бойынша жарық көрген “Елмен сырласу” кітабы жөнінде пікір білдірді. Ұлт перзентінің елмен сырласуына арналған бұл кітабы – тәуелсіздік шежіресінің бір үзігі, егемен еліміздің тарихи парақтары деген түйін жасады. Қалың көпшілікке екі тілде ұсынылып отырған көп томдық кітаптарда тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бергі қазақ мемле­кетінің тіршілік-тынысы, арман-тілегі мен талпыныс-талабы сан қырынан айшықталған екен. Егемен еліміздің тарихынан сыр шертіп, алдағы уақытта да жалғаса беретін, түбінде өз алдына жеке байтақ кітапхананы құрайтын көп томдық жобаны оқып танысу бәріміздің парызымыз болса керек. Кітаптардың тұсаукесер рәсімі аяқталғаннан кейін осынау құнды рухани дүниелер облыс кітапхана­ларына сыйға тартылды. Темір  ҚҰСАЙЫН, ОРАЛ.