19 Маусым, 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

501 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы

“Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 18-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 16-сы. № 1000

“Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 16 маусымдағы №1000 Жарлығына

ТҮСІНІКТЕМЕ

2010 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті “Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы” №1000 Жарлыққа қол қойды. Аталған Жарлық Мемлекетаралық бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы келісімнен (бұдан әрі – Келісім) шығу мақсатында әзірленді. Келісімге 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі – ТМД) он қатысушы мемлекеті қол қойды және Келісімнің тараптары болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі мемлекетішілік рәсімдер аяқталмауы себепті осы уақытқа дейін күшіне енгізілген жоқ. Ресей Федерациясы ТМД-ның Атқарушы комитетін Келісімге қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етті, Украина да мемлекетішілік рәсімдерді орындауды қоя тұру ниеті туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта олардың аясында осы Келісім әзірленген ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарының өзгеруі себепті (рубль аумағынан шығу, бағалы қағаздар нарығы дамуының әр түрлі деңгейі) Келісім өзінің өзектілігін жоғалтты. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі.