19 Маусым, 2010

НАЗАРДА – АЗИАДА-2011 ҚАУІПСІЗДІГІ

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы қаласында “Медеу” мұз айдыны спорт кешенінде “Қорғау-Антитеррор-2010” республикалық жедел-тактикалық террорға қарсы оқу-жаттығуының қорытынды фазасы өткізілді және оған барлық қуатты құрылымдардың және шұғыл әрекет ету қызметтерінің күштері мен құралдары тартылды. Оқу-жаттығу 2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындары өткізілетін спорт нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындалу мақса­тында ҰҚК террорға қарсы орта­лы­ғының бастамасымен өткізілді. Аталған іс-шараның барысында рес­публикалық және Алматы қала­лық жедел штабтарының шешім­дер­ді қабылдау және ҰҚК, ПКҚ, ІІМ, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бө­лімшелерінің өзара әрекеттестіктері пысықталды. “Қорғау-Антитеррор-2010” оқу-жаттығуының басшысы – ҰҚК төрағасының орынбасары генерал-майор Ж.Жарасов оқу-жаттығу барысында көзделген оқу-жауынгерлік міндеттер толық кө­лем­­де орындалғандығын айтып, оған тартылған барлық күштер мен құралдардың практикалық өзара әрекеттестік дағдылары мен кәсіби дай­ындықтарына оң баға берді. Қыс­қы Азиада-2011-ге дайындық бары­сында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудары­лып отыр. Осыған байла­ныс­ты ҰҚК ТҚО ағымдағы жылда спорт ғима­рат­тарында, сондай-ақ Азия ойын­дарының басқа да ны­сан­дарында бірлескен террорға қар­сы бірқатар оқу-жаттығулар мен жат­тығулар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.