19 Маусым, 2010

ҮЛЕСКЕРЛЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маусымның 16-сы күні Ас­танадағы “Фаворит” тұр­ғын үй кешеніндегі мансар­дты құры­лыстың 17 үлескеріне cал­танатты түрде пәтер кілттері табыс етілді. Құрылысқа қатысушы үлес­кер­лердің құқығын қорғау мәселелері 2009 жылдың 5 қазанында Пре­мьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында арнайы қа­ралған болатын. Осы орайда әлеу­меттік жағынан қорғалуы тиіс бар­лық үлескерлер мүддесін қанағат­тандыру тез арада қолға алынды. Бағдарлама шарты бойынша, құ­рылыс үлескерлері ауданы 100 шар­шы метрден аспайтын бір ғана пәтер­ге ие болуы керек. Үкімет қол­дауымен құрылған “Жаңа құры­лыс” ЖШС алданып қалған үлес­керлердің құрылыстағы пәтерлерін сатып алумен айналысады. Аталған құрылыс компаниясы директоры­ның орынбасары Елена Чайканың айтуынша, қазіргі кезге дейін 80 пайыздық дайындық сатысындағы 19 пәтер сатып алынып отыр. Бұл пәтерлердің әр шаршы метрі 90000 теңгеден айналған. “Жаңа құры­лыс” компаниясының тұрғын үймен қамтамасыз ететін тағы 300 үлескері бар. Олардың құқығын қорғап және пәтермен қамтамасыз ету бағдарламасы осы жылдың аяғына дейін жүзеге асырылмақ. Ал бүгінгі таңда көрікті тұрғын үйден пәтер алған үлескерлер өз қуаныштарын жасырмай, қала әкімдігіне зор алғысын білдірді. Би-Болат СЕЙТАҚ, Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің  студенті.