19 Маусым, 2010

КЕШЕ...

434 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
...МЕМОРАНДУМҒА  ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен “Қаз­Транс­Газ” АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалиев облыс әкімдігі жүзеге асыратын, 2015 жылға дейін өңірді газдандырудың ке­шенді бағдарламасын іске асыру­дың тиімді және екіжақты ұтым­ды байланысын, стратегиялық әріптестікті және оны ұзақ мер­зімді орнықтыруды қарастыратын өзара қызмет туралы меморан­думға қол қойды. Меморандумға сәйкес, тарап­тар облыстағы 140-қа жуық елді ме­кенді газдандыруды (құны 5 мил­лиард теңгеден астам) одан әрі жалғастыруға келісті. Жұмыс істеп тұрған газ үлестіру жүйесін рес­пуб­ликалық және жергілікті бюд­жет қаражатынан жаңғырту және қайта құру жобаларын газ­дан­дыруды қаржыландыру және бірлесіп қаржы бөлуді қамтамасыз ету шараларын қолдану, инвес­ти­ция мен басқа да қаржы көздерін тартуды, бекітілген заңнамалық тәртіпте жаңадан салынған ны­сан­дарды газдандыру үшін, олар­ды одан әрі пайдалану міндеттері айқындалды. Сондай-ақ “Каз­Транс­Газ” АҚ жабдықтау және аймақтағы 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын ескере отырып, облыстағы газ тұтынушыларының болжауын беру туралы өзара келісім жасалды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы. ______________ ...ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ Кеше “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында семинар өткізіліп, оған Экономи­ка­лық даму және сауда министр­лігі Инвестиция департаментінің директоры, облыстағы кәсіп­кер­лік және өнеркәсіп басқарма­сы­ның, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының және банк төрағалары мен жер-жерден келген кәсіп­керлер қатысты. 2020 жылға дейінгі Стра­те­гия­лық даму жоспарын жүзеге асыру бағытында арнайы бағдарлама әзірленіп, үдемелі индустриялық-инновациялық құрылым механиз­мін дамытуға пайыздық үстемесі аз қаржы бөлінгені ортаға са­лын­ды. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы екі кезеңмен жүзеге асырылатын болса, олар 2010-2014 және 2015-2020 жыл­дарды қамтып, жобалы жұмыстар қолға алынатындығы айтылды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін өңірде биыл 973 млн. теңге қаржы бөлініп, бизнес бастамаларды қол­дау, кәсіпкерлік секторды сауық­тыру, шетелге тауар шы­ғару­шыларды қолдау бойынша қанатқақты жұмыстар жүзеге асырылатын болды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. ______________ ...10 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ Мәдениетті қолдау жылы Пет­ро­павл қаласында облыстық қазақ-сазды драма театры отау тігіп, тұсауын Елбасы Н.Назар­баев кескен болатын. Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы театр факуль­те­тінің 25 түлегі өнердегі алғашқы қадамдарын Қызылжардың қа­сиетті жерінен бастап, бүгінде шығармашылық ұжымның негізін құрап отыр. Ұжым мүшелерінің есімдері бүгінде үлкен құрметпен аталады. Бұлардың бірқатары – түрлі байқау лауреаттары. Театр труппасының жеңісті жолдары – өз алдына бір төбе. Республика­лық, халықаралық фестивальдерде жоғары орындардан көрініп жүр. Театр жанында камералық оркестр, ұлттық би тобы, жас режиссерлер клубы жұмыс істейді. Мерейлі оқиғаға орай облыс әкімі Серік Біләлов құттықтау хат жолдап, сый-сияпат көрсетті. А.Қапезов, Б.Шаймерденов, Б.Әбіл­мәжінов секілді кәсіп­кер­лер де мырзалық танытты. Осы күні петропавлдықтар театр әртістерінің өнерін қызыға тамашалады. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.