Олимпиада • Бүгін, 03:06

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Фото: Туризм және спорт министрлігі

11 ақпан күні ерлер арасында өткен жекелей сырғанауда қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы бесінші орында тұрған еді. Жүлдеге қол жеткізу үшін оған қарсыластарынан 9,6 ұпай айырмасын қысқарту қажет болды. Михаил Шайдоров жалпы 291,58 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты.

Екінші орында келе жатқан жапониялық Яма Кагияма еркін бағдарламада бірнеше қателік жіберіп, қысқа бағдарламадан кейінгі 11 ұпайлық басымдығынан айырылды.

Әлем чемпионы, АҚШ өкілі Илья Малинин еркін бағдарламада бірнеше рет құлап, қос бағдарлама қорытындысы бойынша Шайдоровтың оны басып озуына мүмкіндік берді.

Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан алған алтыны 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін алғашқы медаль болды.

Бұған дейін Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдесін тек бір спортшы – Денис Тен иеленген еді. Ол Сочиде өткен Олимпиадада қола медаль алған болатын.

Конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енді

Айта кетейік, Милан-Кортина Олимпиадасында ел намысын 10 дисциплинада 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қорғайды. Жалпы додаға 93 мемлекеттен 3000-ға жуық атлет қатысады. Олар 16 бағдарламада 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олимпиада 22 ақпанда мәресіне жетеді.

Қысқы Олимпиада: Үш могулшымыз финалға шықты