19 Маусым, 2010

ӨРКЕНДЕУДІҢ ӨРЕЛІ ЖОЛДАРЫ...

444 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Өскеменде Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитеті мүшелерінің көшпелі мәжілісі болып өтті Оны Шығыс Қазақстан облы­сы­ның әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің бүгінгі таңда аса маңызды екеніне тоқталды. Шығыс Қазақстанда елдегі орманның жартысынан астам қоры бар. Бірақ соңғы жылдары орман қалың өрт құшағына орала бастады. Мың­даған гектар орман өртеніп кетті. Ауа райының екі-үш жыл бойы қатты ысып, жауынның аз жаууы салдарынан ормандарда өрт жиі шығады. Оны сөндіру, жаңадан ағаш көшеттерін отырғызу ақы­рын­дап болса да жүзеге асырылуда. Кенді Алтайдың шыршасы, балқарағайы мен кедр жаңғағы ауруға жиі ұшырай бастады. Кәр­тейген ағаштың орнына жаңасын отырғызуды батыл қолға алмаса, ақыры апатқа ұшыратуы мүмкін. Ағашты отау да жақсылыққа апар­майды. Сондықтан халық қалау­лылары ағашты кесу, оны ретсіз жоюға жол бермеу мақ­са­тында мо­ра­торий енгізген. Сенат­тың көш­пелі мәжілісінде орман және орман шаруашылығы саласында еңбек ететіндер алаңдаушылығын жасыра алмады. Ағашты кесуге мораторий енгізілгелі көптеген кәсіпорындар жабылып, адамдар жұмыссыз қала бастаған. Сенат депутаттары мына­дай бір құнды пікір келтірді. Көп ретте адамдар орманды әдейі өртей­тін көрінеді. Себебі белгілі, сырты жанып, іші бүтін қалған ағашты өз кәдесіне жа­рату пайда­лы. Ал орман қо­рының азаюы көп­шілікті алаң­датып отыр. Өйткені, бұрынғы орманды қалпына келтіру үшін кемінде 80-100 жыл керек. Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Болат Жыл­қышиев пен Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің комитет төрағасы Ерлан Нысанбаев орман саласын­дағы кейбір мамандардың пікірін жөнсіз деп санайды. Себебі, орман өңдейтін кәсіпорындардың тұйыққа тірелуі мораторийге дейін емес, одан көп бұрын болған жағдай. Ағашты аяусыз отаған жат пиғыл­дылар өз қалталарын толтырып отырған, ал бюджетке бір тиын да қар­жы түспеген. Сондықтан ағаш­ты орынсыз кесуге мораторий жариялауға тура келген. Ал оның тиімді жақтары аз емес. Үш жылдан кейін мораторий өз күшін жоймақ. Оған дейін кешенді бағдарламалар қабылданып, орман байлығын қорғау, ағаш өнеркәсібі саласы үшін қажетті шикізатты орнымен пайдалану, басқа да мә­селелер шешімін табуы тиіс. Бұ­дан бұрындары Шығыстың ор­ман­дары 47 миллиард теңгенің өнімдерін беріп келген. Қазір олардың кірісі 1,5 миллиард теңгеге азайып кет­кен. Семейдегі көне орман бел­деу­лерін қорғауға қаржы бөлінбек. Облыс әкімі Б. Сапарбаев “Семей ор­маны”, “Ертіс орманы”, басқа да ша­руашылықтардағы байлықты стра­тегиялық байлық деп санап, оларды ерекше қорғай­тындарын тілге тиек етті. Кадрлар жалақының аздығынан тұрақтамай отыр, демек, бұл сала қыз­меткерлеріне минис­тр­лік қам­қор­лық жасаса жөн болар еді. Бұдан кейін өңір басшысы омарта және марал өсірудің про­бле­маларына тоқталды. Мәселен, облыс еліміз бойынша балдың 70 пайызын өндіреді. Егер тиісті ор­ындар қаржы бөліп, қолдау жасаса, Кенді Алтайда бал әзірлеу мүмкін­дігі бұдан да зор. Мемлекет қолдау көрсетсе, панты өнімдерін де төрт есеге дейін көтеруге болады. Б.Жылқышиев, басқа да жеті се­натор аталмыш бағдарлама бо­йынша өз ойларын ортаға салып, өркендеу­дің өрелі жолдары жайлы ой қозғады. Бердібек Мәшбекұлы Шы­ғыстың экологиясы күрделі бо­луына байла­нысты Семей ядро­лық апат аймағы­нан зардап шеккен­дердің зейнетақы­сына қо­сымша қаржы бөлу жөнінде ойын жеткізді. Мәжілісте эколо­гияны және эконо­миканы сауық­тыру төңірегінде шешім қабылданды. Оңдасын ЕЛУБАЙ. ӨСКЕМЕН.