19 Маусым, 2010

ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

509 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2011-2015 жылдарға бағыт­тал­ған “Саламатты Қазақстан” бағдар­ла­ма­сының жобасын Хамза Жұма­тов атындағы Гигиена және эпидемио­логия ғылыми орталы­ғының ұжы­мы да талқылап, онда­ғы гигиена­лық және эпи­демио­логиялық бағыттағы ғылыми зерт­темелердің сапасын жақсарту мақ­сатындағы өзімізге қатысты мін­деттерді сара­лап, алдағы жоспары­мызға енгіздік. Денсаулық сақтау жүйесінде гигиена және эпидемиология саласы бойынша бас мекеме болып табылатын ГЭҒО бүгінде ең соңғы үлгідегі лабораториялық құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етілген. Онда балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, жалпы гигиена, вирус­ты жұқпа, иммунология, эпиде­миоло­гия және бактериялық жұқ­па­ларға диагноз қою лаборатория­лары жұ­мыс жасайды. Орталықта ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейде жүргізе алатын, өз жұмыс­­тарында ме­дицина ғылы­мы­ның соңғы же­тіс­тіктерін пайда­ланып, ғылыми негіз­делген нақты нәтижелер ала ала­тын аса білікті мамандар, жоға­ры дәрежелі ғалым­дар қызмет істейді. Жалпы бағдарлама көлемінде республикада санитарлық-эпиде­миологиялық қызметтің иннова­ция­лық бағыттарын жетілдіру үшін қолданылып жүрген меди­циналық иммунологиялық пре­парат­тарды жаңарту және одан басқа жаңа түрлерін жасауда ғылы­ми зерттеу жұмыстарын ке­ңейту жоспарланып отыр. Осын­дай препараттардың бірі – біздің ГЭҒО-да жасалып, ден­саулық сақтау тәжірибесіне  енгі­зілген “Бактериалдық сұйық ин­терферон индукторы” болып табы­лады. Оның бірегей бак­териал­­дық құра­мы ағзадағы a- және c- интер­ферондарды ынта­ландырып, ол өз кезегінде вирусқа, сондай-ақ, қа­тер­лі ісікке қарсы және иммуни­тетті қал­пы­на келтіруге әсер етеді. Соңғы жыл­дары өзекті ауру­ларды емдеуге жаңа тұрғыдан қа­рауға мүмкіндік беретін, едәуір тиімді ин­тер­ферон индук­торын алу үшін, жаңа интер­феро­ногенді штам­дар­ды іздестіру бойынша қар­қын­ды жұмыс­тар жүр­гізілуде. Бүгінгі таңда ұшық жұқпа­сы­ның әр­түр­лі бай­­­қалу­ла­рын­да қолданы­латын бір­ден-бір препарат болып табы­латын, 2000 жылдардың басын­да жасалған герпестің дақылдық сұйық вакци­на­сы өзінің жоғары алдын алу және терапевтік тиім­ділігін көр­сетті. Қазіргі таңда сыртқы себеп-салдардың әсерінен жасөспірімдер арасындағы өлім-жітімнің көрсет­кі­ші бойынша, Қазақстан еуропа­лық 24 елдің ішінде Ресейден ке­йінгі 2-ші орын­да. Соған бай­ла­нысты бағ­дар­лама көле­мінде бала­лар мен жас­өспі­рім­дердің өлім-жі­тімі мен ауруына сарап­тама жүр­гізу жос­­­­пар­ла­нып отыр. Ол өз кезе­гінде бала­лар мен жас­өс­пірім­дердің дене және психикалық ден­сау­лығының қа­лыптасуы бо­йын­ша жаңа бағ­дар­ла­малар ен­гізіп, бұрын­ғы­ларын жетіл­діру­ге мүмкіндік бер­мек. ГЭҒО ға­лым­­­дары жүргізген және енгізген зерттеулерден алын­ған нәтижелер бұл мүдделі топтың аталған бағытта хабардар болуымен қатар, балалар мен жасөс­пірімдер денсаулығы жө­ніндегі мәселелерге жауапты қарау дағдысының қалып­тастырады. Мәселен, былтыр жол апаты­нан 183 бала қаза тауып, 1910 бала­ның жарақат алуы, бұл алды­мен балалар арасында жол ереже­сін білудің төмендігін көрсетсе керек. 2008 жылы ғылыми орта­лық “Мү­ге­­дек­тік, өлім-жітім және жара­қаттану­ды, соның ішінде балалар арасында азайту бойынша ғылыми-негіздел­ген бағдарлама” тақыры­­бында зерт­теу жұмыстарын аяқта­ды. Алынған зерттеулер нәти­­жесі негі­зінде маман­данды­рыл­ған медициналық жәрдем көр­сету сапасын жақсарту және рес­публика бойынша жасын, жыны­сы және тұратын өңірлерін есепке ала оты­рып, балалар жара­қат­тануының жалпы деңгейін төмен­детуге мүм­кіндік беретін ал­дын алу шаралары жүйесі жасалды. Сондай-ақ, бүгінде ГЭҒО В тобы гепатиттеріне эпидқадағалау жүйесін жасауға қатысты зерттеу­лер жүргізілуде. Гепатиттерді эпи­де­мио­логиялық қадағалауға ұсы­ныл­­ған жүйе санэпидқадағалау қыз­меті­нің жұмысына енгізіледі. Бұл республикада вакцинаға бағы­натын жұқпалы ауруларды мемле­кеттік санитарлық-эпидемио­логиялық қадағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде, Х.Жұматов атын­дағы Гигиена және эпиде­мио­­логия ғылыми орталығы елдегі са­ни­тарлық-эпидемиологиялық жағ­дай­ды қамтамасыз ету және азамат­т­ар­дың денсаулығын қорғау мәсе­ле­лері бойынша ведомство­ара­­­лық және сектораралық қа­рым-қаты­насты ескере отырып, 2011-2015 жыл­дарға бағытталған “Саламатты Қазақ­стан” мемле­кет­тік бағдарла­масы­н жүзе­ге асыру тетігін қолдайды. Мария ОМАРОВА, Х.Жұматов атындағы Гигиена және эпиде­мио­логия ғылыми орталығы­ның директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор.