“Нұр Отан” ХДП-ның кезектен тыс XІІІ съезі қарсаңында жаңа бастама көтерілді. “Отандастар” деген атпен ұйымдастырылған бұл акция аясында еліміз тұрғындарын толғандыратын жәйттер, қоғамда өткір тұрған мәселелер халықтың ұсыныс-пікірлері негізінде сарапталып, олар партияның 2020 жылға дейін атқаратын іс-шаралар бағдарламасына енгізілмек.
“Отандастар” акциясы биылғы жылдың 1 маусымында қолға алынды. Оның басты мақсаты – елімізде қалыптасқан, қоғамда орын алған іс-әрекеттерден сырт қалмау, ең бастысы, Қазақстанның әлеуметтік әлеуетін көтеру.
“Бұл акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. Десек те, Астана жұртшылығы – акцияның негізгі қатысушылары. Қазіргі таңда елордада тұрғындардың өтініш-тілектерін, ұсыныстарын қабылдайтын 8 бөлімше орналасқан. Олар көбінесе, қала халқы көптеп шоғырланатын және серуендейтін Бәйтерек, темір жол вокзалы, автовокзал, базар, саябақ секілді қоғамдық-көпшілік орындарда орын тепкен. Яғни, кез келген астаналық тұрғын осындай орындарға келіп, өзінің көкейінде жүрген мәселелерін арнайы парақшаға қалдыра алады. Мұндай ұсыныс-тілектер сондай-ақ партияның қоғамдық қабылдау бөлімдерінде, партия ұйымдастырған кездесулер мен конференцияларда, сайлаушылардың барлық деңгейдегі депутаттармен кездесулерінде де қабылданады. Бүгінде акция төңірегіндегі іс-шаралардың ауқымды бөлігін партияның 250-ге тарта бастауыш бірлестік-ұйымдарының қызметкерлері атқаруда. Олар өз кезегінде акция парақшасын толтырып, өз ұсыныстарын енгізуге үлес қосуда. Яғни, тұрғындардың бұл шараға қызығушылығы айрықша”, – дейді “Нұр Отан” ХДП Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Владислав Сергеев.
Партия мүшелерінің сөзінен аңғарғанымыз, бүгінде жұртшылықтың басым бөлігін әлеуметтік сала, оның ішінде тұрғын үй, баспана, өзге өңірлерден сапалы азық-түліктердің көптеп жеткізілуі секілді мәселелер толғандырады екен.
Партия өкілдерінің сөзіне қарағанда, акцияға Астананың барлық тұрғындары атсалысып, қазірдің өзінде 10 мыңға тарта ұсыныс-тілектер толтырылған парақшалар жинақталыпты. Партия өкілдері олардың санын 100 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Кейін, акцияның шеңберінде арнайы ақпараттық науқандар ұйымдастырылып, онда халықтан келіп түскен ұсыныс-тілектер жан-жақты зерттеулерден өтетін көрінеді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше