Саясат • 05 Шілде, 2024

Жаңа құрылымдар пайда болады

71 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астана саммитінде өңірге тән, сонымен қатар жаһандық ауқымдағы сын-қатерлерге, әсіресе әскери текетірестерге, шекаралық шиеленістерге қатысты мәселелер көтеріліп, тиімді ұсыныстар айтылды.

Жаңа құрылымдар пайда болады

Ең бастысы, біз Шанхай ынты­мақ­­тастық ұйымының доктри­на­­лық әлеуетке ие Астана декла­рация­сының қабылдан­ғанына куә болдық. Бұл құжаттың саяси салмағы өте ауыр әрі ұйым үшін аса маңызды. Өйт­кені осы құ­жатқа қол қою ар­қы­лы мем­ле­кеттер алғаш рет «үл­кен Еура­зия» ұғымын дүниеге әке­ліп отыр. Сонымен қатар байтақ Еура­­зия­­ның қауіпсіздік ауқымын кеңейт­­ті. Бұл ШЫҰ-ның тұтас конти­нент тұ­рақ­тылығының, оның бейбіт­ші­лік ба­ғытындағы бастамалары құры­лысының орталығына айналуға деген шынайы талпынысын көрсетеді.

Бұл тарихи құ­жат Шанхай ынтымақтастық ұйы­­­мы­­ның дамуға деген жаңа бет­­бұ­рысына жол бас­тайды деп білемін. Ұйымның осы деңгейге дейін өсетін уақыты болды, оған барлық алғышарттары бар.

Қазақстанның бітімгершілік, араағайындық бастамаларына тоқталатын болсақ, мұның бәрі Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында жүзеге асады. Әрине, БҰҰ – әлемдік ауқымдағы жалғыз әрі оның орнын ешкім баса алмайтын әмбебап ұйым. Осы орайда ШЫҰ-ның әр әрекетін, қабылданып жатқан барлық құжаты мен декларациясын, мәлімдемесін БҰҰ-ға қандай да бір деңгейдегі бәсекелес, қарсылас ретінде жасалып жатқан іс-шаралар деп қабылдауға болмайды. Керісінше оны БҰҰ-ға қолұшын созып, бейбітшілік пен тұрақ­ты­лық жолындағы бастамаларын толықтырушы үлкен күш ретінде қарастыру керек. ШЫҰ тек Еуразия аумағындағы мәселелер­мен айналысады. Яғни ең алдымен ұйым жұмысына өз «отбасының» қамқорлығы тұрғысынан қарайды. Жалпы, менің ойымша, алдағы уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымы БҰҰ келісімімен өңірде қандай да бір бітімгершілік құралын, институтын құруы мүмкін. Өз басым Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуразиядан өзінің бір ядролық құрылымын, мәселен шартты түрде алатын болсақ, Еуразияның қауіпсіздік кеңесі, ядролық мемлекеттер кеңесі сынды қауіпсіздікке қатысты бөлімшелерін құрып, оның құрамына ШЫҰ-ға кіретін төрт ядролық елді қосуын қолдар едім. Яғни біз мұнда планетадағы үлкен аймақтық ұйымның құрылып келе жатқанын көріп отырмыз. Еуразиядағы бұл қадам – дұрыс жолдағы үдеріс.

Қазақстан белсенді әрекет етіп отырған «үш зұлым күшпен» күреске келер болсақ, қазір ШЫҰ-ның әзірге мұндай күштермен тікелей күресетін құралы, инс­титуты жоқ. Ұйым мемлекет бас­шыларының басын осы Астана саммиті сияқты форумдарда қосып, осындай күрделі ахуалды талқылайтын алаң қызметін ғана атқарып отыр. Яғни бізде лаңкестік әрекеттермен күресте арнайы күштік құрылымдардың жұмысын үйлестіру жағы ғана бар.

Менің пайымдауымша, осы саммиттен кейін сол «үш зұлым күшпен» күресті үйлестіру іс-шаралары күшейтіледі.Алдағы уақытта ШЫҰ аясында бірлес­кен бір институттың құрылатыны­на сенімдімін. Одан бөлек, Батыс Еуропаның полициялық құры­лымдарын бір мүддеге тоғыстырған Еуропол сияқты да бір құрылымның жасақталатыны анық. Сондықтан ұйым жұмысының жаңа кезеңін көрсететін жаңа құрылымдар пайда болатыны сөзсіз. Әзірге көшбасшылар өздерінің ұлттық күштік құрылымдары бұл тұрғыда қалай әрекет етуі керектігін тал­қылай беруін тоқтатпайды.

Сергей СТАНКЕВИЧ,
тарихшы, саясаттанушы
(Ресей Федерациясы)