Қоғам • 21 Маусым, 2024

«Аңсаған сәби» бағдарламасының игілігі

52 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметте «Аңсаған сәби» жобасының жүзеге асу барысы қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бағдарламаның басы-қасында жүрген репродуктолог мамандармен, қоғам белсенділерімен және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесті.

«Аңсаған сәби» бағдарламасының игілігі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып келе жатқан бағдарлама арқылы 7 мыңнан аса нәресте дүниеге келген болатын. «Экомед» адам репродукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова бала сүюді аңсаған азаматтар арасында оған сұраныс артып келе жатқанын жеткізді.

«Денсаулық сақтау ми­­нистр­лігімен тығыз қарым-қаты­нас­та атқарылған жұмыс­тар­дың нәтижесінде бірқатар мәселе шешімін тапты. Өз кезегін күткен жұптар қазір бұрынғыдан қарағанда квотаға жылдамырақ қол жеткізетін болды. Репродуктология саласы қарқынды дамып келеді. Кейінгі кездері эмбриондарды креоконсервациялаудың арқасында экстракорпоралды ұрықтандыру әдісінің нәтижелілігі артты», деді Сал­танат Байқошқарова.

Экстракорпоралды ұрық­тан­дыру ісінде қоғамдық ұйым­дар да атсалысуда. Мәсе­лен, «Mariyam» қайырымдылық қорының көмегімен 10 cəби дүниеге келген. Ұйымның қам­қор­шылық кеңесінің төрағасы Ләйлә Сұлтанқызы жобаны одан әрі жетілдіруге болады де­ген пайымда. Бұл ретте сала ма­ман­­дары­мен бірлесе отырып, бірқатар ұсынысты ортаға салды.

Қазіргі уақытта елімізде жасанды ұрықтандыру ісімен 31 орталық айналысады. Оның 19-ы міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жү­йесі­ аясында  қызмет көрсе­тіп келеді. Оларға қарастырылған квоталарды бөлу тәртібін қайта қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ экстракорпоралды ұрықтандыру шарасына кететін шығындарды қай­та қарау, тиісті ақпараттық жүйелер арасындағы интеграцияны күшейту жағы сөз болды. Тамара Дүйсенова ұсыныстарға байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ вице-премьер мәселенің салдарымен қатар, себебімен жүйелі жұмыс қажет екенін атап өтті. Ресми дерекке сай, елімізде 4 мыңнан аса ер-азаматқа және 29 мыңнан аса әйелге бедеулік диагнозы қойылған.

«Ең алдымен жасөспірім­дер, ата-аналардың, жалпы ха­лық арасында саламатты өмір салтын ұстануға байланысты ақпараттық-насихат жұмы­сы күшейтілуі шарт. Қажет­ті медициналық профилак­тикалық тексеру шараларымен қамту маңызды. Бір сөзбен айтқанда, дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін кеселдің алдын алуға күш салуымыз қажет. Адам ағзасында патология анық­талған жағдайда ерте бас­тан алғашқы көмек беру жүйелі жүргізілуі керек», деп атап өтті Т.Дүйсенова. 

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024