Аймақтар • 07 Маусым, 2024

СҚО-да тергеушілер кәсіпкерлердің мүлкін заңсыз тәркілеген

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жыл басынан бері заңсыз салықтық тексерулер мен бизнесмендерге қатысты сотқа дейінгі тергеулердің күшін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да тергеушілер кәсіпкерлердің мүлкін заңсыз тәркілеген

Фото: rapsinews

Қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлағандай, Үйлестіру кеңесінде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйі талқыланды.

«Атап айтқанда, полиция органдары мен экономикалық тергеу департаменті бастаған сотқа дейінгі тоғыз тергеу бойынша прокурор негіздердің жеткіліксіздігіне байланысты оларды тоқтату туралы шешім қабылдады. Бес қылмыстық іс бойынша тергеушілердің бизнес субъектілерінің өкілдерінен мүлік пен құжаттарды алып қою, банк шоттары бойынша заңсыз шектеу жөніндегі әрекеттері заңсыз деп танылды», деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Биыл прокуратураның мобильді топтары 43 хабарлама қабылдады, оның 23-і расталды. Прокурорлар 16 қадағалау актісін енгізіп, 9  адамды жауапқа тартты, сондай-ақ, 29 заңсыз салықтық тексерудің күшін жойды. Сонымен қатар өңірге 52 млрд теңгеден астам инвестиция салғысы келетін 7 инвесторға көмек қажет екені анықталды.

«Анықталған бұзушылықтар бойынша прокуратура сегіз қадағалау актісімен жауап берді, қылмыстық қудалау органдарының 11 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп толықтырды баспасөз қызметі.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар