АҚТӨБЕ. 16 қаңтар. Ақтөбе облысы Байғанин ауданының орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы сауықтыру орталығы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оны ашқан Нұрым Нұрлан осыдан төрт жыл бұрын инсультке шалдығып, қозғалу қабілетінен айырылған еді. Алайда, ол өмірдің алдан тосқан ауыртпалығына мойымай, ІІ топтағы мүгедек болса да қол қусырып қарап отырмай кәсіпкерлікке бет бұрды. Алдымен жоба жасап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 1 миллион 250 мың теңге несие алды. Бұл қаражатқа құрылғылар сатып алып, өзі тұратын үйдің ауласынан орталық ашты. Мүмкіндігі шектеулі жандар осы жерге келіп, денешынықтырумен айналысады. Қазір орталықта алты жаттығу қондырғысы бар. Орталықта жүгіру жолағы, велосипед, шаңғы, балтырды шынықтыру құрылғысы, баспалдақ, белге арналған құрылғы және желке мен саусақтарға арналған массажерлар орнатылған.
Кәсіпкердің жолдасы А.Нұрланованың айтуынша, «Даму» қорынан алған несиеге орталықтың ғимаратын тұрғызып, Ақтөбе қаласындағы «Спорт мастер» сауда дүкенінен жаттығу құралдарын алған. Құрылғылардың бірі инсультқа шалдыққан науқастардың қан тамырын реттесе, екіншісі жүрек жұмысын жақсартады. Науқас жандар мұнда аудандақ аурухана және емхана дәрігерлерінің жолдамасы арқылы қабылданады екен. Аудандағы сауықтыру орталығына мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге, саламатты өмір салтын ұстанушылардың да келуіне болады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: body4me.ru.
• 16 Қаңтар, 2015
Ақтөбеде мүгедектерге арналған сауықтыру орталығы ашылды

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше