Кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында хоккейден Қазақстан құрама командасы ел жанкүйерлеріне үлкен сыйлық жасады. Польшаның Краков қаласында өтіп жатқан бірінші дивизиондағы (А тобы) әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер қатарынан төрт мәрте жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын кілең мықтылар шоғырланған жоғары дивизионға жолдама алды.
Қазақстан құрамасы әуелі Украина құрамасын 5:2, содан кейін Венгрия құрамасын 5:0, келесі кезекте Жапония құрамасын 7:2 және жергілікті Польша құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Сөйтіп, қарсыластар қақпасына 20 шайба соққан қазақстандықтар өз қақпасына бар-жоғы 6-ақ шайба жіберіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Италиямен бүгін болатын соңғы ойын нәтижесіне қарамай-ақ әлемдік біріншіліктің ТОП-16-сы қатарына қосылды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше