Жақында ақын, аудармашы, Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты Бақытжан Тобаяқовтың «Қобыз сарындары» атты өлеңдер жинағы АҚШ-тың Нью-Йорк шаһарындағы «Либерти» баспа үйінде ағылшын және орыс тілдерінде басылып шықты (Liberty Publishing House, 2014).
Кітаптың алғысөзін жазған – танымал көсемсөзші әрі ғалым, аталмыш баспаның директоры, америкалық баспагер Илья Левков. Көлемі 115 беттік, әсем безендірілген кітап ағылшын тіліне орыс тілінен тәржімаланған. Ақынның осынау лирикалық кітабында Отанға деген сүйіспеншілік өлеңдері, философиялық ой-толғамдар, махаббат жырлары топтастырылған.
Туындының тұсаукесер рәсімін баспагерлер үстіміздегі жылдың сәуір айында Нью-Йорк қаласында өткізуді жоспарлауда. Бір еске сала кететін жайт, «Либерти» баспасы 2013 жылы қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің екі томдығын ағылшын тілінде басып шығарған болатын.
«Егемен-ақпарат».

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше