Үстіміздегі жылдың сәуір айында Италияда өтетін Fiestalonia халықаралық конкурсына еліміздің атынан солтүстікқазақстандық Эльвира Нұрғожина қатысады.
Еске сала кетейік, ол өткен жылдың қарашасында Астанада ұйымдастырылған, еліміз бен Ресей, Испания, Украина және Италия мемлекеттерінен келген 86 әнші сынға түскен Fiestalonia Kazahstan халықаралық байқауында екінші дәрежелі дипломға ие болған еді. Осы жетістік әншіге сонау Италия жерінде өнер көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
Бес жасынан бері ән салуды жанына серік еткен өнерпаз қыз бүгінде қазақ әнін жат елде орындау үшін қызу дайындалып жатыр. Оның мақсаты – беделді конкурста Қазақстанды лайықты танытып, көрерменді бай мәдениетімізбен таныстыру.
Э.Нұрғожина Петропавлдағы өнер колледжін бітіріп, одан кейін Алматыда музыкалық жоғары білім алған. Қазақ, ағылшын, корей және француз әндерін нақышына келтіре орындай білетін жас талап қазіргі таңда өз репертуарын толықтыруды көздеп жүр.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше