18 Маусым, 2010

БҮГІНГІ ТЕКЕЛІ КӨЗ ҚУАНДЫРАДЫ

489 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Осыдан бірнеше жыл бұрын Текеліге атбасын бұрған адам қаланың сыртқы көрінісіне көз жіберіп тұрып-ақ, болашағы бұлыңғыр өңірлердің тізіміне ойланбай қоса салар еді. Шын­ды­ғында да, кеншілердің қаласы тоқыраудың тым қиын соқ­па­ғы­на тап келіп, тұрғындардың не­гізгі кәсібінің жолы байланғалы жан-жаққа, әсіресе, Ресейге қо­ныс аударушылар қатары аз бол­мады. Бұл сол уақыттағы көп­теген шағын қала, аудандарды айналып өтпеген құбылыс-тын. Тірліктен мән кеткен соң, қала­дан сән кете бастады. Мәдениет ошақтарының, балабақшалардың есіктеріне құлып салынып, қан­шама үйлердегі қатар-қатар пә­тер­лер қараусыз қалды, тонал­ды. Кеше ғана дабысы жер жа­рып, дүрілдеп тұрған қала жау шап­қандай жұтаң күйге түсті. Бірақ уақыт өте келе халық Ел­ба­сының ұс­танған бағыты, са­ли­қалы сая­сатының жемісін көре бастады, көкіректерге сенім ұялады. Жұрт­шылық рес­публика көле­мін­дегі қарымды қадамдарға қарап, еңсе тіктеуге көшті. 2005 жылдан бастап қала тіз­гінін қолына алған әкім Серік­жан Бескемпіровтің жүйелі жұ­мысы Текелінің күретамырына қан жүгіртіп, жылдан-жылға қала көркейіп келеді. Алматы облы­сы­ның басшысы Серік Үмбе­тов­тің қаламызға деген қолдауын да айрықша атауға болады. Оның қала халқымен кездесулерінде көпшіліктің мұқтаж, мұраттарын тыңдап, оның нәтижесін барлап отыратындығы зор жауап­кер­шілігінің көрінісі. Табиғат тосын мінез танытып, Текеліде жер сілкінгелі тұп-тура бір жылдың жүзі болды. Апат зардаптарының жылдам жойылып, тез әрі сапалы қалыпқа келтірілгені болар, сол жағдайдың орын алғанына бір­не­ше жыл өтіп кеткендей. Облыс әкімі Серік Үмбетов жер сілкі­нісінен соң күн құрғатпай үй-үйді аралап, халықтың жарым көңі­ліне медеу болып, нақты   кө­мектің көрсетілетінін уәде еткен еді. Сөз жерде қалмай, қаладағы жалпы зардаптарды жоюға 393 миллион теңге бөлініп, жеке үйлердегі жөндеу жұмыстарына көмегі ұсынылды, бір мектеп, спорт сарайы толықтай күрделі жөндеуден өтті, тұруға жарамсыз болып қалған пәтерлердің иеле­ріне жаңа баспана берілді. Қиын-қыстау сәтте қолдауларын аяма­ған басшылыққа тұрғындардың алғы­сы шексіз. Өткенде ғана Қы­зы­л­ағаштың тауқыметін көр­ген жұртшылық қабырғасы қайыса былтырғы ауыртпалықты еске алып, су шайған ауылдың қай­та бой түзейтініне сенім біл­дірген еді. Халықтың сенімі мен тілегі, ын­тымақпен атқарылған еңбек бү­гінде жемісін берді. Қызылағаш жаңа келбетке ие болды. Болған жайтты байыптап отырғанымыз ғой, әйтпесе, ел­ді­гіміз бен бір­лі­гімізді көрсетуге, азаматтығымыз бен іскерлігімізді танытуға қай­ғы­лы жағдай себеп болмай-ақ қой­сыншы. Халықпен кезекті бір кезде­суін­де облыс әкімі Серік Үмбе­тов Текелідегі оң өзгерістерге тоқ­тала отырып, қала әкімі Се­рік­жан Бескемпіровке “сөзінен ісі көп басшы” деп баға берген бо­латын. Бұл сөзге қаланың жа­ңа­ша бет-бейнесі дәлел болады. Жоғарыда айтқанымыздай, қа­рау­сыз қалған көп қабатты үй­лер­дің тоз-тозы шығып, көше­лердің сәнін бұзып тұрушы еді, бүгінгі таңда сол үйлердің қас­бет­тері жөнделіп, әктеліп, ша­тыр­лары жаңадан жабылды. Қа­ланың қамын жеке шаруа­лары­нан жоғары қоятын әкім үй­ле­рін тұрғындар өздері жөндеп алсын деп қарап отырмай, аз қаражат жұмсалмайтын бұзылған үйлерді жөндеудің жолын тауып, іскерлік шеберлік танытқанын текелілік­тер еш уақытта ұмыт­пайтын шығар. Ел “Жол картасы” да талай күр­меулі мәселенің түйінін ше­шу­ге мұрындық болуда. Өткен жылы “Жол картасының” жебеуімен Текелі қаласында әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, жаңа­дан оқу бітірген жастардың тәжі­рибеден өтіп, жұмысқа орналасуы жолға қойылды, мамандарды қай­та даярлаудың да нәтижелі жемісі қылаң берді, сумен жабдықтау жүйесі реттелді, жолдар жөнделді, бір мектеп пен кәсіптік лицей күрделі жөндеуден өтті, 16 аула абаттандырылды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру барысында 6 инвестициялық жоба қолға алынып, 436 жұмыс орны ашылды, жұмыссыздар легі іске тартылды. Ал биылғы жылы қала бой­ын­ша “Жол картасы” негізінде 349 жұ­мыс орнын, 225 жаңа жұмыс ор­нын ашу, 4 инвестициялық жобаны және бір республикалық маңызы бар жобаны жүзеге асыру міндеті қойылды. “Жол картасын” іске асыруға 324 миллион теңге бөлініп отыр. Жұмыссыздар санын азайту бойынша шаралар жалға­сын тауып, жолдар мен арық жүйе­сін жөндеуге айрықша назар ауда­рылуда. Облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интер­нат-үйін және қалалық аурухана­ны күрделі жөндеуден өткізу жүр­гізіліп жатыр. Атқарылып жатқан игі шаруаларға халық куә әрі риза. Текелінің тұрғыны ретінде қаламыздың көркейіп, болашаққа батыл қадам жасап жатқаны көңілімді марқайтады. Әйтпегенде ше, көп қабатты үйлер жарқырап, кеш қарая бере шамдар самаладай сәуле төгіп, жөнделген жолдар теп-тегіс болып көсіліп жатқанда әркімнің-ақ өз саласында ел да­му­ын­а үлес қосуға талабы қанаттана түседі емес пе?! Бірінен соң бірі абаттандырылып, балалар ойнай­тын алаңқайлар жабдықталып, аула­лар кішкене қара сирақтардың көз қуанышына айналды. Бала­сының даладағы ойынына алаң болып отыратын ата-аналардың есік алдын тамаша күйге түсіруге бастамашы болған қала басшы­лы­ғына рахметі көп. Сөздің түйіні, 27 мыңның үстінде халқы бар Текелі қаласы эко­но­ми­калық, әлеуметтік даму баспал­да­ғын нық басып, өрлеп келеді. Мәкен ШАЛҚЫБЕКОВА, Текелі қалалық “Абзал ана отауы” әжелер халықтық ансамблінің жетекшісі. Алматы облысы.