Оқиға • 24 Мамыр, 2024

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушының мәйіті табылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сайрам ауданында 10-сынып оқушысының мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушының мәйіті табылды

Фото: inbusiness.kz

Туыстарының айтуынша жасөспірім бірнеше күн бойы үйден бой тасалаған. Жақын-жуығы оқушыны іздеу үшін полицияға сұрау салған.

Көп уақыт өтпей кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған. Құзырлы орган оқиғаға байланысты «суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

«Сайрам ауданында 10-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалып, барлық мән-жай анықталады. Басқа мәліметтер заң аясында жарияланбайды», деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше