Ұлттық спорт • 23 Мамыр, 2024

Ұлы дала жорығы-2024: Төртінші кезең аяқталды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де командалар Ақмола облысы аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанып, келесі 100 шақырымды бағындырды. Төртінші кезең қорытындысы бойынша Жетісу облысы командасы жеңімпаз, ал Маңғыстау облысы шабандоздары мәреге екінші жетті, үздік үштікті Алматы қаласы командасы түйіндеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ұлы дала жорығы-2024: Төртінші кезең аяқталды

Фото: М.Тажкуранов

Торғай-Жолымбет 100 км:

  1. Жетісу облысы - 07:20:07
  2. Маңғыстау облысы - 07:20:34
  3. Алматы қаласы - 07:28:46
  4. Жамбыл облысы - 07:29:12
  5. Астана қаласы - 07:34:25
  6. Қарағанды облысы - 08:04:49
  7. СҚО - 09:03:49
  8. Ұлытау облысы - 09:10:22
  9. Қостанай облысы - 09:52:36
  10. Абай облысы - 09:53:05
  11. Ақмола облысы - 10:08:18
  12. Түркістан облысы - 10:43:22
  13. «Рекорд» командасы.

Еске салайық, әр өңірлердің ат спорты әуесқойлары енген ерекше дода көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр. Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды, бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды, марафон 23 мамырда, яғни бүгін Астанада аяқталады.