16 Маусым, 2010

ЛАТВИЯЛЫҚ ДИПЛОМАТПЕН ӘҢГІМЕ

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше еліміз Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Албертс Сарканиспен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан Сенатының басшысы А.Сарка­нис­тің Латвияның еліміздегі дипло­ма­тиялық миссиясы басшылығына тағайындалуы екі ел ынтымақ­тас­тығына жаңа серпін әкелетініне сенім білдірді. Төраға “Латвия шын мәнінде Қа­зақстанның Балтық аймағын­да­ғы негізгі саяси әрі экономикалық әріптесі болып табылады. Астана Ри­гамен барлық салалар мен дең­гей­лердегі диалогты, оның ішінде парламентаралық байланыстарды да­мыту мен нығайтуды одан әрі іл­герілетуге мүдделі”, – деп атап өтті. Кездесуде ЕҚЫҰ мен осы Ұйым­ның Парламенттік Ассам­блея­сын қоса алғандағы халық­ара­лық және парламентаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылдар мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Албертс Сарканис Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық қызметін жоғары бағалап, осы миссияның сәтті өтетініне сенім білдірді. Елшінің өтініші бойынша Қа­сым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан­дағы ахуал бойынша қазақстандық ұстанымдар туралы айта келіп, жеке ойларымен бөлісті. Ол аймақ­тағы жағдайдың шиеленісуіне қат­ты алаңдаушылық білдіріп, қалып­тасқан дағдарысты тез арада рет­теу­дің, зорлық-зомбылық пен қан­төгістің тоқтатылуы қажеттігін атап көрсетті.