Таным • 21 Мамыр, 2024

Өз ақылы өзіне...

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазудың азабы да, ләззаты да бірдей деседі. Ал жазудағы жауапкершілік, тәртіп, жүйелілік әркімде әртүрлі. Біреу жалқауланып, жазу үстелінен қашып жүреді. Енді біреу шалқар шабыты туатын сол бір сәтті күтеді. Тағы біреу жазуға өз-өзін зорлап отырғызады.

Өз ақылы өзіне...

Фото: abai.kz

Мәселен, Виктор Гюго бас­таған шығармасын уа­қытында аяқтау үшін өз-өзін аямаған. Өз сөзін өзіне тыңдата алған. Былайша айтқанда, өзіне бағына білген. Бұл да – ақыл.

Жазушы «Париж Құдай ана соборын» 1830 жылдың жазында бастап, 1831 жылдың ақпанында тәмамдайды. Мұн­дай өнімді жұмыстың сыры неде дей­сіз ғой. Гюго мұндай нәтижеге жету үшін бір бөтелке сия сатып алып, өзін бөл­месіне қамап қойған. Яғни саналы түрде мәж­бүрленіп жазған. Өзінен өзі айласын асыра білу де кішкентай шеберлік емес пе?

Иә, осы уақытқа дейін қаншама талантты жазушы жалқаулығынан яки өзін-өзі тәрбиелей алмауынан, өзін жазуға отырғыза алмауынан әде­биеттен жоғалып кетті екен? Немесе өз деңгейіне жете алмай, қатардағы ортақол авторлардың бірі болып жүр­ді екен?.. Шет-шегіне ешкім жете алмаған беймәлім сұрақ.

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32