Қоғам • 21 Мамыр, 2024

Су тасқыны болған аймақтың оқушыларына жазғы мектеп ұйымдастырылады

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев биылғы оқу жылын қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны болған аймақтың оқушыларына жазғы мектеп ұйымдастырылады

Фото: pricom.kz

Министрдің айтуынша, осы оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде, бастауыш сыныптарда 374 мың бала, негізгі мектептерде 341 мың оқушы және 186 мың түлек бар.

Бітіруші түлектер арасында 7 704 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Ғани Бисембаев қазақ тілінде алғаш рет өткізгелі отырған аралық емтихан туралы да баяндады. 

«Биыл 5-8, 10 сыныптарда алғаш рет қазақ тіліне қатысты аралық емтихандар өткізіледі. Сондай-ақ су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3 581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Қорытынды баға жылдық белгілер негізінде қойылады. ТЖ аясында қашықтан оқытылған 2 622 мектептің 832 мың оқушысына 27-31 мамыр аралығында жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылады», деді министр.

Ал оқу жылы «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқталса, 25 мамыр күні мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты іс-шара өткізіледі.
 
9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамырдан 11 маусымға дейін өткізіледі, ал аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі 12-15 маусымға белгіленді.