Алматы • 15 Мамыр, 2024

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған нысан бұзылды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайында заңсыз салынған нысанды бұзу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған нысан бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, ауданы шамамен 544 шаршы метр болатын объектіні меншік иесі (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз шаруашылық тәсілмен тұрғызған.

Құрылыс басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады. Сондай-ақ жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді. Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін меншік иесі ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.

«2023 жылдың 9 маусымында Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың объектіні бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылды. Содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді. 2023 жылы 21 қыркүйекте Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды», деп түсіндірді әкімдік өкілдері.