Үкімет • 14 Мамыр, 2024

20 мыңнан астам отбасына – нақты көмек

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қолдау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

20 мыңнан астам отбасына – нақты көмек

Бүгінде 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін беріл­ген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.

11 мамырдағы жағдай бо­йынша 130 отбасы ескі тұрғын үйлерінің орнына жаңа баспанаға ие болды. Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыс­тарында зардап шеккен аза­маттарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр. Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпы­на келтіруге өтемақы ал­ды. Жалпы алғанда, зардап шеккен өңірлерде 9995 тұрғын үй тексеріліп, 7522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.

Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған.  Қазақстан Президентінің тапсырмасымен барлық зардап шеккен азаматқа жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.