Аймақтар • 27 Сәуір, 2024

Ақмола облысында 30-дан астам тұрғыннан 62 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының 30-дан астам тұрғынын 62 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында 30-дан астам тұрғыннан 62 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылғы сәуірдің 16-да Қосшы қалалық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша Астана қаласының тұрғынынан арыз түскен. Зардап шегушінің сөзінше, наурыз айында әлеуметтік желідегі тұрғындардың чатында жиһаз және қымбат ыдыстарды төмен бағамен ұсынған бейтаныс әйел оның 400 мың теңге ақашасын иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру іс — шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын Қылмыстық кодекстің 190-бабың 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған Астана қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

«Қазіргі кезде күдіктінің үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Одан зардап шеккен тағы 32 адамнан полиция арыз түсті. Зардап шккендерге келтірілген шығын көлемі 62 млн теңгені құрайды», — деді ведомстводан.

Осы ретте, полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы сатып алу кезінде сатушыда тауардың бар екеніне көз жеткізуді, бейнебайланыс бойынша мәміленің егжей-тегжейін талқылауды, тауарды алғаннан және оны тексергеннен кейін ғана төлем жасауды ұсынады.