Саясат • 20 Сәуір, 2024

Ынталы ынтымақтастық

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Саха Республикасының басшысы (Якутия) Айсен Николаев Якутияның инвестициялық-туристік таныстыру рәсіміне қатысты.

Ынталы ынтымақтастық

Фото: primeminister.kz

Якутия – Ресей Федерациясының аумағы бойынша ең үлкен аймақ, бұл өңір алмаз өндіру бойынша әлемде бірінші, алтын өндіру бойынша Ресейде екінші, көмір өндіру бойынша үшінші орында. Қазақстанда 2024 жылғы 18-23 сәуір аралығында өтетін Саха Республикасының күндерін өткізу аясында Астанада Якутияның инвестициялық және туристік әлеуеті таныстырылды.

«Бүгінгі тұсаукесер мен көрме қазақ­стандық және якутиялық бизнесмендер арасында тікелей байланыс орнату және тығыз өзара іс-қимыл орнату үшін тамаша мүмкіндік. Біз якут нарығымен танысу үшін Қазақ­стан Республикасының Саха Респуб­ликасына сауда-экономикалық миссиясын өткізу мүмкіндігін қарас­ты­руға дайынбыз. Өз тарапынан Қазақстан Якутияға өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін жеткізуге мүдделі», деді С.Жұманғарин.

Вице-премьер мен Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев көрмеге қойылған якут өндірушілерінің инновациялық жетістіктерімен және дәстүрлі та­уарларымен танысты. Атап айтқанда, «Хоту тент» компаниясы жеңілдетілген портативті шатырлардың, гараж­дар­дың, оның ішінде ауыр жүк көлік­терінің, 70 градустық аязға төзім­ді нанокомпозитті материалдан жа­салған ангарларды таныстырды.

«Байдам уус» отбасылық шеберханасы соңсыз кепілдікті якут пышақтарының кең ассортиментін ұсынды. Әлемге әйгілі якут гауһар тас­тары бар зергерлік бұйымдар «Жер күші» атты өңделмеген алмаздары бар бірегей зергерлік бұйымдар топтамасында ұсынылған.