Саясат • 20 Сәуір, 2024

Қырғыз жастарының өкілдерімен кездесті

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың елімізге ресми сапары аясында өтіп жатқан қазақ-қырғыз жастар форумына қатысушылармен кездесті.

Қырғыз жастарының өкілдерімен кездесті

Фото: kaz.inform.kz

Жиында Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан жастарының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. Президенттік жастар кадр резерві, жастар кәсіпкерлігін дамыту, сондай-ақ креативті индустрияны құру үшін дарынды жастарға қолдау көрсету сияқты жас ұрпақтың мүддесін және қажеттілігін ескеретін жобалар мен бағдарламалар – соның айқын дәлелі.

Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес жастар саясатын қа­лыптастырумен және оны жүзеге асырумен айналысатын негізгі құрылым саналады. Жастар оның жұмысына белсенді араласып, түрлі идеялар мен жобалар ұсынады, осылайша еліміздің дамуына үлес қосады.

Мысалы, кеңес мүшелері Мемлекеттік жастар сая­сатының 2029 жылға дейінгі тұжы­рымдамасын әзірлеуге тікелей атсалысты. Сондай-ақ Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің бастамасымен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Қазіргі уақытта кеңес заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрес жөнінде кешенді жоспар әзірлеп жатыр.

Кездесу соңында Ерлан Қарин қырғыз жастарын қы­зықтырған сұрақтарға жауап берді.