Дін • 10 Сәуір, 2024

Биылғы Ораза айт еліміз үшін үлкен сынақпен қатар келіп отыр - Мәулен Әшімбаев

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ораза айт мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы Ораза айт еліміз үшін үлкен сынақпен қатар келіп отыр - Мәулен Әшімбаев

«Құрметті достар! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мейрам – күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі.

Айт күндері мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты ізгі құндылықтардың маңызы еселене түседі. Адамдар бір-біріне көмек қолын созып, қасиетті айды игі істермен жалғастырады. Мұндай үрдіс елдің береке-бірлігін арттыратыны анық.

Биылғы Ораза айт еліміз үшін үлкен сынақпен қатар келіп отыр. Осындай сын-сағатта халқымыз қайырымдылық танытып, тасқыннан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қолдау білдіріп, ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп отыр. Бұл – имандылық пен адамгершіліктің жарқын көрінісі.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан да табиғи апаттың салдарын жою үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Азаматтарымыздың бекем бірлігі мен парасатының арқасында көп ұзамай бұл сынақты да еңсереміз деп сенеміз.

Ұлық мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, әр отбасына амандық және елімізге тыныштық тілеймін!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!», деп жазды Мәулен Әшімбаев құттықтау хабарламасында.