Білім • 04 Сәуір, 2024

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

Фото: almaty.tv

Ата-аналар балаларының құжаттарын электронды үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады.

Сонымен қатар мектептен мектепке тек каникул кезінде ғана ауысуға рұқсат етілетін шектеу алынып тасталды. Енді жаңа ережелерге сәйкес, балалар оқу жылында тұрғылықты жері бойынша мектеп ауыстыру мүмкіндігіне ие болды.

1