Заң • 28 Ақпан, 2024

Жұмыста тәртіптік теріс қылық көрсеткен мемлекеттік қызметкерге жаңа мүмкіндік беріледі

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында  кейбір заңнамалық актілерін Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.

Жұмыста тәртіптік теріс қылық көрсеткен мемлекеттік қызметкерге жаңа мүмкіндік беріледі

Фото: pixabay.com

Заң жобасының нормалары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қамтиды.

Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының кейбір актілері Ата заңға сәйкес емес деп таныды. Мәселен, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне шексіз тыйым салу осы санатқа жатқызылды.

Конституциялық Сот заңда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің сай келмейтінін атап көрсеткен. Бұл ретте Конституциялық Сот кәсіби құзыреті атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген теріс себеппен өкілеттігін тоқтатқан судья өзге де салаларда, соның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек етуге мүмкіндік береді», делінген Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.