Президент • 12 Желтоқсан, 2023

Президент «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парыз» сыйлығының гран-приі мен «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында «Парыз» сыйлығының гран-при Қызылорда облысындағы «Абай Даулет» ЖШС-на берілді.

Ал ірі бизнес саласында бұл жүлде Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына табысталды.

Сонымен қатар «Алтын сапа» сыйылығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Қостанай облысының «ДЕП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Үздік инновациялық жоба» аталымында Маңғыстау облысындағы «CleanfieldKazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды.

з

э

э